О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра энергетики Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра энергетики Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 377
- Қабылданған күні
- 18.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 08.05.2020 136209_459872.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019628
- ЭКБ идентификаторы
- 136209
- Редакция идентификаторы
- 136209_459872
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:49
0 Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар еңгізілсін:
1
2) «Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 140 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16902 болып тіркелді, 2018 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шикі газды факелде жағуға рұқсат беру қағидаларында:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Өтініш беруші қайта ұйымдастырылған және (немесе) атауы өзгерген жағдайда мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы алған сәттен бастап бір ай мерзім ішінде рұқсатты қайта ресімдеу туралы еркін нысанда өтінішті береді. Рұқсатты беру рұқсатты қайта ресімдеу туралы өтінішті алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі