Құжат мәтініне өту

Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Өзге акт · № 53-1 · қабылданған 13.11.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-136229/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану Күшін жойған Өзге акт ·№ 53-1 ·13.11.2019
05.11.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Күшін жойған Өзге акт ·№ 53-1 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
Атауы (қаз.)
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
53-1
Қабылданған күні
13.11.2019
Көрсетілген редакция
05.11.2021 136229_545688.kaz
Соңғы өзгеріс
05.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19SE005668
ЭКБ идентификаторы
136229
Редакция идентификаторы
136229_545688
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:53

0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі - кемтар балалар) ата - аналары мен өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу) әрбір балаға ай сайын 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.

2 2. Келесі тәртіп бекітілсін:

1 1) оқыту шығындарын өтеуді тиісті оқу жылы ішінде «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүргізеді;

2 2) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға (толық мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалардан басқа) шығындарды өтеу кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілдеріне беріледі;

3 3) оқыту шығындарын өтеу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілген кемтар баланы үйде оқыту қажеттілігі танылған жағдайда өтініш берген айдан бастап тиісті оқу жылының 1 маусымына дейін тағайындалады;

4

4) шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар туындаған кезде (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың интернат үйінде немесе санаторийлық мектепте оқыған кезеңінде), төлем тиісті мән-жайлар болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады;

5

5) оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу үшін өтінішті, құжаттардың тізімін қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығының 22-қосымшасымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

3

3. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2015 жылғы 30 қазандағы № 38-6 шешімінің күші жойылды деп танылсын («Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 желтоқсанда жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3474 болып тіркелді).

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

Қолданыстағы