Об установлении карантина на территории села Бирлик Заринского сельского округа Павлодарского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении карантина на территории села Бирлик Заринского сельского округа Павлодарского района
- Атауы (қаз.)
- Павлодар ауданы Заря ауылдық округі Бірлік ауылының аумағында карантин белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1-03-10
- Қабылданған күні
- 20.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 21.01.2020 136301_440558.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19PKN06624
- ЭКБ идентификаторы
- 136301
- Редакция идентификаторы
- 136301_440558
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:46
0 Павлодар ауданы Заря ауылдық округі Бірлік ауылының аумағында карантин белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2019 жылғы 26 тамыздағы № 2-36/415 ұсынысы негізінде, Заря ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Павлодар ауданы Заря ауылдық округі Бірлік ауылының аумағында ірі қара мал арасында қарасан ауруының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.
2
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Павлодар облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Павлодар аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Павлодар ауданының ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және қадағалау
комитетінің Павлодар аудандық аумақтық
инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________Ж. Құрманғазин
2019 жылғы «18» қараша
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы
мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Павлодар
облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы
мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің
Павлодар аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы»
республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________С. Сұлтанғалиев
2019 жылғы «18» қараша
«КЕЛІСІЛДІ»
«Павлодар ауданының
ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік
және ветеринария бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
_______________Х. Оразбеков
2019 жылғы «18» қараша