Об утверждении Правил отбора проектов, реализуемых участниками специальных экономических зон, в отношении которых могут применяться международные, региональные стандарты и стандарты иностранных государств
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил отбора проектов, реализуемых участниками специальных экономических зон, в отношении которых могут применяться международные, региональные стандарты и стандарты иностранных государств
- Атауы (қаз.)
- Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары іске асыратын, халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттары қолданылуы мүмкін жобаларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 867
- Қабылданған күні
- 22.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 29.01.2024 136312_683895.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.01.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1900000867
- ЭКБ идентификаторы
- 136312
- Редакция идентификаторы
- 136312_683895
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:44
0 Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары іске асыратын, халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттары қолданылуы мүмкін жобаларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары іске асыратын, халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттары қолданылуы мүмкін жобаларды іріктеу қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары іске асыратын, халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттары қолданылуы мүмкін жобаларды іріктеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары іске асыратын, халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттары қолданылуы мүмкін жобаларды іріктеу
қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары іске асыратын, халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттары қолданылуы мүмкін жобаларды іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы»
2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының
5) тармақшасына сәйкес әзірленді және арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары іске асыратын, халықаралық, өңірлік стандарттар және шет мемлекеттердің стандарттары қолданылуы мүмкін жобаларды іріктеу қағидаларын айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1 1) арнайы экономикалық аймақ – Қазақстан Республикасы аумағының дәл белгіленген шекаралары бар, басым қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын бір бөлігі;
2 2) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы – арнайы экономикалық аймақтың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға;
3 3) уәкілетті орган – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2 2-тарау. Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары іске асыратын, халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттары қолданылуы мүмкін жобаларды іріктеу қағидалары
3
3. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында өнеркәсіптік кәсіпорындардың объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыруды жүргізу, кеңейту, күрделі жөндеу және пайдалану кезінде осы Қағидалардың 4-тармағының талаптарын ескере отырып, халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын тікелей қолдануға жол беріледі.