Құжат мәтініне өту

Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Щербактинского района

Өзге акт · № 211/64 · қабылданған 21.11.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-136326/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Щербактинского района Қолданыста Өзге акт ·№ 211/64 ·21.11.2019
14.04.2022 редакциясы
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Щербактинского района

Қолданыста Өзге акт ·№ 211/64 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Щербактинского района
Атауы (қаз.)
Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
211/64
Қабылданған күні
21.11.2019
Көрсетілген редакция
14.04.2022 136326_570573.kaz
Соңғы өзгеріс
14.04.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19PM006632
ЭКБ идентификаторы
136326
Редакция идентификаторы
136326_570573
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:44

0

Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабына сәйкес, Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2

2. Шарбақты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 ақпандағы «Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 183/54 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4312 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері

Шарбақты аудандық мәслихатының
2019 жылғы «21» қарашадағы
№ 211/64 шешіміне
қосымша
Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендерінде
тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау,
әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері

1

1. Бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау) Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі – мамандар) көрсетіледі.

2 2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау және төлеу уәкілетті орган - «Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

3 3. Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда жеке (карточкалық) шотының болуын растайтын құжатты қоса бере отырып, мемлекеттік ұйымның бірінші басшысы бекіткен тізім негізінде мамандардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

4 4. Әлеуметтік қолдауды төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы мамандардың дербес (карточкалық) шоттарына аудару жолымен жүргізіледі.

5 5. Отбасында екі және одан да көп маман тұрған жағдайда әлеуметтік қолдау осы адамдардың әрқайсысына тағайындалады және төленеді.

6 6. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

Қолданыстағы