Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан

Қаулы · № 877 · қабылданған 26.11.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-136355/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 877 ·26.11.2019
26.11.2019 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 877 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
877
Қабылданған күні
26.11.2019
Көрсетілген редакция
26.11.2019 136355_431528.kaz
Соңғы өзгеріс
26.11.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1900000877
ЭКБ идентификаторы
136355
Редакция идентификаторы
136355_431528
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:40

0 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелері қайта аталсын.

2 2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ережеде:
16-тармақта:
орталық аппараттың функцияларында:
мынадай мазмұндағы 34-3) тармақшамен толықтырылсын:
«34-3) капиталдың сыртқы нарығында мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;»;
277) тармақша алып тасталсын;
ведомстволардың функцияларында:
136) тармақша алып тасталсын;
488) тармақша алып тасталсын;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдарының тізбесінде:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетiнің аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
148-тармақ мынадай редакциясында жазылсын:
«148. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Бейімбет Майлин ауданы қазынашылық басқармасы.»;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитетiнің аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетiнің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері» деген 1-бөлімде:
129-тармақ мынадай редакциясында жазылсын:
«129. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитетi Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментiнiң Бейімбет Майлин ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.».

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетiнің аумақтық органдары – қайта аталатын республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2019 жылғы «__» _________
№ ___ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетiнің аумақтық органдары – қайта аталатын республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

1 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi бойынша:

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Таран аудандық қазынашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Бейімбет Майлин ауданы қазынашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитетi бойынша:

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитетi Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментiнiң Таран ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитетi Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментiнiң Бейімбет Майлин ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Қолданыстағы