Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 309
- Қабылданған күні
- 22.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 22.11.2019 136381_428457.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.11.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19NR008784
- ЭКБ идентификаторы
- 136381
- Редакция идентификаторы
- 136381_428457
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:43
0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69-баптарына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Қостанай өндірістік филиалына коммуналдық, инженерлiк, электр және басқа да желiлер мен тораптарды, сондай-ақ көлiк инфрақұрылымы объектiлерiн жүргізу мен пайдалану мақсатында, Бейімбет Майлин ауданының аумағында орналасқан жалпы көлемi 7,1881 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Әкімдіктің
2019 жылғы 22 қарашадағы
№ 309 қаулысына
қосымша
№
Округтің атауы
Көлемі, гектар
Соның ішінде жайылымдар, гектар
1
Павлов ауылдық округі
0,0897
0,0897
2
Павлов ауылдық округі
2,7516
2,7516
3
Павлов ауылдық округі
1,0055
1,0055
4
Новоильинов ауылдық округі
1,1698
1,1698
5
Новоильинов ауылдық округі
1,0888
1,0888
6
Новоильинов ауылдық округі
0,6219
0,6219
7
Новоильинов ауылдық округі
0,4608
0,4608