О снятии ограничительных мероприятий в крестьянских хозяйствах «Тоққожа», «Талгатбек», «КРК» находящихся на территории села Жанакала города Аркалыка
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий в крестьянских хозяйствах «Тоққожа», «Талгатбек», «КРК» находящихся на территории села Жанакала города Аркалыка
- Атауы (қаз.)
- Арқалық қаласы Жаңақала ауылының аумағында орналасқан «Тоққожа», «Талгатбек», «КРК» шаруа қожалықтарында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 14.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 14.11.2019 136383_428470.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.11.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19NC008783
- ЭКБ идентификаторы
- 136383
- Редакция идентификаторы
- 136383_428470
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:51
0 Арқалық қаласы Жаңақала ауылының аумағында орналасқан «Тоққожа», «Талгатбек», «КРК» шаруа қожалықтарында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2019 жылғы 23 шілдедегі № 01-20/808 ұсынысы негізінде Арқалық қаласы Жаңақала ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қостанай облысы Арқалық қаласы Жаңақала ауылының аумағында орналасқан «Тоққожа», «Талгатбек», «КРК» шаруа қожалықтарында ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.
2
2. Жаңақала ауылы әкімінің «Арқалық қаласы Жаңақала ауылы аумағында орналасқан «Тоққожа», «Талгатбек», «КРК» шаруа қожалықтарына шектеу іс - шараларын белгілеу туралы» 2019 жылғы 6 ақпандағы № 2 шешімінің (2019 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8256 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.