Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Индерского района

Ереже · № 329-VI · қабылданған 08.11.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-136446/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Индерского района Қолданыста Ереже ·№ 329-VI ·08.11.2019
28.05.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Индерского района

Қолданыста Ереже ·№ 329-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Индерского района
Атауы (қаз.)
Индер ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
329-VI
Қабылданған күні
08.11.2019
Көрсетілген редакция
28.05.2024 136446_702161.kaz
Соңғы өзгеріс
28.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19TF004530
ЭКБ идентификаторы
136446
Редакция идентификаторы
136446_702161
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:55

0

Индер ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Индер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Қоса беріліп отырған Индер ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, жастар ісі, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (Қ. Гильманов) жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Индер ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс жасайтын мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшері

Индер аудандық мәслихатының
2019 жылғы 8 қарашадағы № 329-VI
шешіміне қосымша
Индер аудандық мәслихатының
2019 жылғы 8 қарашадағы № 329-VІ
шешімімен бекітілген
Индер ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс жасайтын мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшері

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы қағида «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес жасақталды және Индер ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс жасайтын мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

2 2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган - «Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

2 2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

3

3. Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банктердегі жеке (карточкалық) шотының болуын растайтын құжаттың қоса ұсынылуымен денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мемлекеттік ұйымдардың ұсынулары бойынша ауылдық округтер әкімдері бекіткен жиынтық тізімдердің негізінде, алушылардан өтініштер талап етпей көрсетіледі.

4 4. Әлеуметтік қолдау Индер ауданының аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі.

3 3. Әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері

5 5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 15315 (он бес мың үш жүз он бес) теңге мөлшерінде көрсетіледі.

Қолданыстағы