Құжат мәтініне өту

Об организации бесплатного питания отдельных категорий воспитанников дошкольных организаций образования по городу Курчатов

Қаулы · № 164 · қабылданған 15.11.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-136456/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об организации бесплатного питания отдельных категорий воспитанников дошкольных организаций образования по городу Курчатов Күшін жойған Қаулы ·№ 164 ·15.11.2019
19.03.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации бесплатного питания отдельных категорий воспитанников дошкольных организаций образования по городу Курчатов

Күшін жойған Қаулы ·№ 164 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации бесплатного питания отдельных категорий воспитанников дошкольных организаций образования по городу Курчатов
Атауы (қаз.)
Курчатов қаласы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
164
Қабылданған күні
15.11.2019
Көрсетілген редакция
19.03.2021 136456_525164.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19VC006295
ЭКБ идентификаторы
136456
Редакция идентификаторы
136456_525164
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:51

0 Курчатов қаласы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодекстің 56-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабының 4-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің келесі санаттарын тегін тамақтандыру ұйымдастырылсын:

1 1) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

2 2) даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедек балаларға;

3 3) көп балалы отбасылардың балаларына;

4 4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға.

2 2. Тегін тамақтандыру мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне мынадай растайтын құжаттарды ұсынған кезде ұйымдастырылады:

1 1) ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың еркін нысандағы жазбаша өтініші;

2 2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін қамқорлықты (қорғаншылықты) және патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтаманың көшірмесі;

3 3) мүгедек балалар үшін мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі;

4 4) көп балалы отбасылардың балалары үшін туу туралы куәлігінің көшірмесі;

5

5) (мемлекеттік) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін өтініш берушінің (отбасының) «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама;

6

6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін алынған табысы туралы анықтама (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түсетін кірісі, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі кірістер). Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиелену кезеніңде тегін тамақтану құқығы жыл сайын осы қаулының 2 тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес құжаттарды мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ұсыну арқылы расталуы тиіс.
Қаланың мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тегін тамақтандыруды ұйымдастыруды қаржыландыру шығындары тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.

3 3. «ҚР ШҚО Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Курчатов қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

3 3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Курчатов қаласы әкімінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Н. Т. Қошқарбаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 2019 жылғы 1 тамыздан бастап баратын тәрбиеленушілерге қолданылады.

Қолданыстағы