О некоторых вопросах акционерного общества «Центр военно-стратегических исследований»
Қолданыста
Қаулы
·№ 887
·
16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах акционерного общества «Центр военно-стратегических исследований»
- Атауы (қаз.)
- «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 887
- Қабылданған күні
- 27.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2023 136481_682104.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1900000887
- ЭКБ идентификаторы
- 136481
- Редакция идентификаторы
- 136481_682104
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:38
0 «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы»
акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамының 100 % мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне берілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 1) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы
27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 280-4-жолмен толықтырылсын:
«280-4. «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ»;
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 389-4-жол алып тасталсын;