Кіру
Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах акционерного общества «Центр военно-стратегических исследований»

Қаулы · № 887 · қабылданған 27.11.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-136481/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О некоторых вопросах акционерного общества «Центр военно-стратегических исследований» Қолданыста Қаулы ·№ 887 ·27.11.2019
04.10.2023 редакциясы
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах акционерного общества «Центр военно-стратегических исследований»

Қолданыста Қаулы ·№ 887 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах акционерного общества «Центр военно-стратегических исследований»
Атауы (қаз.)
«Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
887
Қабылданған күні
27.11.2019
Көрсетілген редакция
04.10.2023 136481_682104.kaz
Соңғы өзгеріс
04.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1900000887
ЭКБ идентификаторы
136481
Редакция идентификаторы
136481_682104
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:38

0 «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы»

акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамының 100 % мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы

27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 280-4-жолмен толықтырылсын:
«280-4. «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ»;
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 389-4-жол алып тасталсын;

2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы