Қолданыстағы ред. 22.10.2002 (Редакция 13649_349293.kaz)

Жұмыссыздарға өз ісін ашып, өзін-өзі жұмыспен қамтуы үшін материалдық көмек көрсетудің шарттары мен тәртібі туралы Қағиданы бекіту туралы от 22.10.2002 г. № 13/4 (Жұмыссыздарға өз ісін ашып, өзін-өзі жұмыспен қамтуы үшін материалдық көмек көрсетудің шарттары мен тәртібі туралы Қағиданы бекіту туралы)

0

Жұмыссыздарға өз ісін ашып, өзін-өзі жұмыспен қамтуы үшін материалдық көмек көрсетудің шарттары мен тәртібі туралы Қағиданы бекіту туралы
📌 Ескерту. Мемлекеттік тіркеу бұзылды - Қарағанды облыстық әділет басқармасының 2003.06.19 НҚА мемлекеттік тіркеуін бұзу туралы қорытындысымен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы №148-ІІ Заңының 31 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 23.01.2001ж. №149-ІІ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпкерлікпен шұғылдануға тілек білдіруші жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау мақсатында:
Ақтоғай ауданы әкімияты
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған жұмыссыздарға өз ісін ашып, өзін-өзі жұмыспен қамтуы үшін материалдық көмек көрсетудің шарттары мен тәртібі туралы Қағидасы бекітілсін.

2

2. Осы қаулының орындалысын қадағалау аудан әкімінің орынбасары С.Әбеуова ханымға жүктелсін.

3. Жұмыссыздарға өз ісін ашып, өзін-өзі жұмыспен қамтуы үшін материалдық көмек көрсетудің шарттары мен тәртібі туралы ҚАҒИДА

Ақтогай аудан әкімиятының
2002 жылғы 23 қазандағы
№ 13/4 қаулысымен бекітілген
Жұмыссыздарға өз ісін ашып, өзін-өзі жұмыспен қамтуы үшін материалдық көмек көрсетудің шарттары мен тәртібі туралы
ҚАҒИДА
Осы қағида Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының «Шетел инвестицияларының жоғарғы деңгейімен дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу» 3 ұзақ мерзімді басымдықты және Қазақстан Республикасында 2001-2002 жылдары шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, кедейшілік пен жұмыссыздық проблемасын шешу, оларды әлеуметтік қолдау, еңбекке жарамды жастағы жөне жұмыспен қамтылмаған халық арасында жеке және отбасылық кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жасалды.
Еңбек нарқын қалыптастырудың маңызды аспектісінің бірі - халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтылуын дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады. Өзін-өзі жұмыспен қамту - бұл экономикалық қызметтің бір түрі, онда әрбір адам өзі үшін қызметтің нақты түрін табады, еңбек процесін ұйымдастырады, оның нәтижесі өзінің лайықты өмір сүруін қамтамасыз етеді. Өзін-өзі жұмыспен қамтудың құндылығы сонда, өйткені кешегі жұмыссыздар бүгін өздері үшін қоғамдағы, нарықтық қатынас жүйесіндегі орындарын табады.

1. 1. Негізгі қағидалар

1. Негізгі қағидалар

1

1. Материалдық көмек (көмек, қолдау) - заңнамалық актілермен анықталған мақсатқа мемлекеттік бюджет қаржысынан берілетін ақша түріндегі жәрдемақы.

2

2. Жеке кәсіпкерлік қызметпен шұғылдануға тілек білдіруші ең аз қамтамасыз етілген азаматтар ішінен жұмыссыздарға өз ісін ашып, өзін-өзі жұмыспен қамту үшін бюджеттен материалдық көмек көрсетіледі.

3

3. Жұмыссыздарға материалдық көмек төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджет құрамында қаралып, жыл сайын жергілікті өкілді орган бекітеді.

4

4. Аудандық еңбек және халыққа әлеуметтік көмек бөлімі аудан әкімі шешімінің жобасына аудан экономикасының мүмкіндігіне және бюджет қаржысына сәйкес субсидия мөлшерін көбейту туралы ұсыныс енгізе алады.

5

5. Материалдық көмек мынадай принциптерге негізделеді:

1

1) ең аз қамтамасыз етілген жұмыссыздарға материалдық көмектің қол жетерлігі.

2

2) материалдық көмекті алушыларды іріктеудегі және өз ісін ашуға қаржының төлену тәртібінің және өзін-өзі жұмыспен қамту критерийлерінің нақтылығы.

2. 2. Өз ісін ашуға материалдық көмек көрсетілетін жөне өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтардың нысандары

2. Өз ісін ашуға материалдық көмек көрсетілетін жөне
өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтардың нысандары

6

6. Өз ісін ашуға және өзін-өзі жұмыспен қамту үшін материалдық көмек жұмыссыз деп ресми танылған, жан басына шаққанда орташа табысы кедейшілік шегінен аспайтын жеке адамдарға бөлінеді.

7

7. Аудандық еңбек және халыққа әлеуметтік көмек бөлімі материалдық көмек алуға тілек білдірушілермен олардың мүмкіндіктерін, жеке кәсіпкерлікке қабілеттерін анықтау үшін әңгімелесулер өткізеді, құжаттарымен танысады, комиссияға тиісті қорытындысымен жолдайды.

3. 3. Өз ісін ашып, өзін-өзі жұмыспен қамтитын жұмыссыздарға берілетін материалдық көмектің мөлшері мен жиілігі

3. Өз ісін ашып, өзін-өзі жұмыспен қамтитын жұмыссыздарға берілетін материалдық көмектің мөлшері мен жиілігі

8

8. Өз ісін ашып, өзін-өзі жұмыспен қамтитын жұмыссыздарға берілетін материалдық көмек жыл сайынғы Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңымен белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің 20 еселенген мөлшерінде анықталады.

9

9. Өз ісін ашып, өзін-өзі жұмыспен қамтитын жұмыссызға материалдық көмек жылына 1 рет беріледі.

4. 4. Өз ісін ашып, өзін-өзі жұмыспен қамтитын жұмыссыздардарға материалдық көмек берудің тәртібі

4. Өз ісін ашып, өзін-өзі жұмыспен қамтитын жұмыссыздардарға материалдық көмек берудің тәртібі

10

10. Ұсынылған жұмыстан және жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартқан, қоғамдық жұмысқа қатысуды, кәсіби дайындықты немесе қайыра даярлауды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздар материалдық көмек алу құқынан 6 айға айырылады.

11

11. Материалдық көмек алу үшін жұмыссыз аудандық еңбек және халыққа әлеуметтік көмек бөліміне өтініш береді. Өтінішпен мыналарды қоса тапсырады:

1

1) Өз ісін ашудың техника-экономикалық негізделген жоспары (идеясы). Онда қызмет тәрінің мақсаты мен міндеттері, нарыққа шығу стратегиясы, өндіріс көлемінің өсуі мен өткізілуі, өнім немесе қызметтің, сервистің түрлері, өнім мен қызметтің тұтынушылары, қаржы жұмсау үшін мақсатқа, табысқа жетудің анықтылығы көрсетілуге тиіс.

2

2) тұрғылықты жерінен жұмыссыздың өзімен бірге тұратын отбасы құрамы туралы анықтама.

3

3) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес отбасындағы жан басына шаққандағы жиынтық кірісін есептеу үшін тиісті құжаттар.

4

4) берілген қаржының жеке қажеттіліктерге (киім-кешек, азық-түлік, тұрмыстық бұйымдар, т.б. сатып алуға) жұмсамайтындығы туралы жазбаша кепілдеме.

5

5) жұмыссыздың материалдық көмек алу үшін өтінішінің негізділігін бекітетін басқа да қүжаттар.

12

12. Материалдық көмек көрсету (бас тарту) туралы шешімді заңнамаға сәйкес аудан әкімі құрған комиссия қабылдайды. Жұмыссыздың өтініш бергеннен кейін 7 күннің ішінде әрбір жұмыссыз жөнінде шешім жеке қабылданады, тиісті құжатпен рәсімделеді. Қабылданған шешім жөнінде жұмыссызға жазбаша түрде хабарланады.

13

13. Өз ісін ашатын және өзін-өзі жұмыспен қамтитын 1 жұмыссызға материалдық көмек ақшадай түрде көрсетіледі. Оны аудандық еңбек және халыққа әлеуметтік көмек бөлімі жұмыссыздың халықтық банкдағы жеке шотына аударады.

14

14. Өз ісін ашуға материалдық көмек жекелеген жағдайларда бір отбасының еңбекке жарамды жастағы жұмыссыз ретінде тіркелген әрбір мүшесіне немесе өз ісін ашуға тілек білдірген жұмыссыздар тобына берілуі мүмкін. Мұнда жұмыссыздар тобы ерікті негізде ең аз қамтылған адамдардан құрылады, топтың әрбір мүшесі міндеттемелеріне ынтымақтаса жауапкершілікте болады.

15

15. Аудандық еңбек және халыққа әлеуметтік көмек бөлімі материалдық көмек көрсетілген күннен бастап жұмыссызды есептен шығарады, олардың жеке есеп карточкасына жабылу себебін «өз ісін ашты» деп белгі қояды.

5. 5. Материалдық көмекті тиімді пайдалануды бақылау және жауапкершілік

5. Материалдық көмекті тиімді пайдалануды бақылау және жауапкершілік

16

16. Материалдық көмекті мақсатсыз пайдаланғанда немесе материалдық көмекті алудың шарттарын сақтамағаны үшін жүмыссыз материалдық көмекті қайталап алу құқынан айырылады.

17

17. Материалдық көмекті бөлуде осы қағиданы бұза отырып оң қорытынды берген адам заңдылықтарға сәйкес жауапты болады.

18

18. Материалдық көмекті мақсатты пайдалануды және жұмыссыздардың өз ісін ашып, өзін-өзі жұмыспен қамтуына байланысты жүргізілген шаралардың тиімділігін бақылау аудан әкіміне және аудандық еңбек және халыққа әлеуметтік көмек бөліміне жүктеледі.

19

19. Өз ісін ашып, өзін-өзі жұмыспен қамтуда материалдық көмекті тиімді пайдалану-кәсіпкерлікті дамыту үшін жеңілдікпен несие алуға құқық береді.