О корректировке базовых ставок земельного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О корректировке базовых ставок земельного налога
- Атауы (қаз.)
- Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 51/8-VI
- Қабылданған күні
- 15.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 12.03.2021 136493_519761.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VA006321
- ЭКБ идентификаторы
- 136493
- Редакция идентификаторы
- 136493_519761
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:50
0 Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 510-бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 31 мамырдағы № 44/3-VI «Өскемен қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5996 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Өскемен қаласының әкімшілік бағынысындағы шекараларда елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлерге Салық кодексінің 506-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі:
1 аймақ бойынша – 30 % арттырылсын;
2 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;
3 аймақ бойынша – 10 % төмендетілсін;
4 аймақ бойынша – 30 % төмендетілсін.
Бекітілген аймақтарға бөлу схемалары бойынша елді мекендердің жерлеріне Салық кодексінің 505-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі:
1 аймақ бойынша – 31 % арттырылсын;
2 аймақ бойынша – 33 % арттырылсын;
3 аймақ бойынша – 35 % арттырылсын;
4 аймақ бойынша – 38 % арттырылсын;
5 аймақ бойынша – 41 % арттырылсын;
6 аймақ бойынша – 44 % арттырылсын;
7 аймақ бойынша – 46 % арттырылсын;
8 аймақ бойынша – 50 % арттырылсын.
2
2. Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 қарашадағы № 37/4-VІ «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-206 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 20 желтоқсанда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.