Об организации бесплатного питания отдельных категорий воспитанников дошкольных образования по Глубоковскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации бесплатного питания отдельных категорий воспитанников дошкольных образования по Глубоковскому району
- Атауы (қаз.)
- Глубокое ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілердің жекелеген санаттары бойынша тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 471
- Қабылданған күні
- 29.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2021 136542_528286.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VI006334
- ЭКБ идентификаторы
- 136542
- Редакция идентификаторы
- 136542_528286
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:35
0 Глубокое ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілердің жекелеген санаттары бойынша тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодекстің 56-бабының 1-тармағының 3) тармақшысына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабының 4-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің келесі санаттарын тегін тамақтандыру ұйымдастырылсын:
1 1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
2 2) даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедек балаларға;
3 3) көп балалы отбасылардың балаларына;
4 4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға.
2 2. Тегін тамақтандыру мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне мынадай растайтын құжаттарды ұсынған кезде ұйымдастырылады:
1 1) ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың еркін нысандағы жазбаша өтініші;
2 2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін қамқорлықты (қорғаншылықты) және патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтаманың көшірмесі;
3 3) мүгедек балалар үшін мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі;
4 4) көп балалы отбасылардың балалары үшін туу туралы куәлігінің көшірмесі;
5 5) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардың балалары үшін «Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен берілетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтамалар;
6
6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін - табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата – аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстар). Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиелеу кезеңінде атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін жыл сайын осы қаулының 2-тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды ұсыну арқылы расталуы тиіс.
Ауданның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тегін тамақтандыруды ұйымдастыру шығындарын қаржыландыру тиісті қаржы жылына жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.