Об установлении квоты рабочих мест
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест
- Атауы (қаз.)
- Жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 37/01
- Қабылданған күні
- 26.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 14.11.2023 136547_665538.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19KB005544
- ЭКБ идентификаторы
- 136547
- Редакция идентификаторы
- 136547_665538
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:41
0 Жұмыс орындары
квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 6), 9) тармақтарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 14010 тіркелді) бұйрығына сәйкес, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік түріне және меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарда жұмыс орындары квотасы белгіленсін:
1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін қызметкерлердің тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде;
2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде.
2. Жезқазған қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 19/03 «Жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4349 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 38 (193) «Жезказганский вестник» газетінде, 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 38 (8051) «Сарыарқа» газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 22 қыркүйегінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарға жұмыс орындары квотасы
Жезқазған қаласы әкімдігінің
2019 жылғы «___» _____________
№ __/___
қаулысына 1 қосымша
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарға жұмыс орындары квотасы
№
Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны
1
«Қарағанды облысы Жезқазған қаласының қарттар мен мүгедектерінің медициналық-әлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
144
1
1
2
«Жезқазған қаласының білім бөлімінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
128
1
1
3
«Жезқазған қаласының білім бөлімінің №9 тірек (ресурстық орталық) мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
112
1
1
1 Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындары квотасы
Жезқазған қаласы әкімдігінің
2019 жылғы «____»_____________
№ __/__
қаулысына 2 қосымша
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындары квотасы
№
Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде
жұмыс орындарының саны
1.
«Қарағанды облысының Білім Басқармасының Жезқазған политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
74
2
1
2.
«Жезқазған қаласының білім бөлімінің № 7 «Айгөлек» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
66
2
1
3.
«Жезқазған қаласының білім бөлімінің № 1 «Көктем» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
60
2
1
4.
«Жезқазған қаласының білім бөлімінің №11 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
78
2
2
5.
«Қорғау кызметі» ЖШС филиалы
705
4
28