Құжат мәтініне өту

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Өзге акт · № 34-7 · қабылданған 26.11.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-136548/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану Күшін жойған Өзге акт ·№ 34-7 ·26.11.2019
19.10.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.10.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Күшін жойған Өзге акт ·№ 34-7 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
Атауы (қаз.)
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
34-7
Қабылданған күні
26.11.2019
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2020
Көрсетілген редакция
19.10.2021 136548_543825.kaz
Соңғы өзгеріс
19.10.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19SB005696
ЭКБ идентификаторы
136548
Редакция идентификаторы
136548_543825
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:40

0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі айқындалсын:

1

1) өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен  бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады;

2 2) шығындарын өндіріп алу «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады;

3

3) үйде оқытылатын кемтар балаларға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалар және оларға қатысты ата-аналары, ата-ана құқығынан айырылған балалардан басқа) ата-анасының біреуіне және мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісі есепке алынбай беріледі;

4 4) шығындарын өндіріп алу психологиялық – медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзімі аяқталғанына дейін өтініш берген айдан бастап тағайындалады;

5

5) қаржыландыруға сәйкес шығындарын өндіріп алу ағымдағы ай үшін жүргізіледі. Төлем ай сайын «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен ұсынылатын кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуды растайтын тізімдерге сәйкес жүргізіледі;

6

6) шығындарын өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың интернат үйінде немесе санаториялық мектепте оқып жатқан кезеңінде, әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткенде), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

2 2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері ай сайын әрбір балаға үш айлық есептік көрсеткіш болып айқындалсын.

3 3. Күші жойылды деп танылсын:

1

1) Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 39-2 шешімі (2016 жылғы 24 ақпанда «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық ақтілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3629 болып тіркелген);

2

2) Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 39-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2018 жылғы 26 ақпандағы № 18-4 шешімі (2018 жылғы 26 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық ақтілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4599 болып тіркелген).

4 4. Осы шешім ресми жариялануы тиіс және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы