Об утверждении формы исполнительного листа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы исполнительного листа
- Атауы (қаз.)
- Атқару парағының нысанын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 550
- Қабылданған күні
- 15.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 15.11.2019 136572_431484.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.11.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019663
- ЭКБ идентификаторы
- 136572
- Редакция идентификаторы
- 136572_431484
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:50
0 Атқару парағының
нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 241-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған атқару парағының нысаны бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
1 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаментінің директорына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты
1 АТҚАРУ ПАРАҒЫ
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
201_ жылғы «___» ______
№___ бұйрығымен
бекітілген
Нысан
_________________________________
_________________________________
Шешім шығарған соттың атауы (мемлекеттік және орыс тілінде)
АТҚАРУ ПАРАҒЫ
Шешім қабылдады/Анықтады: ___________________________________________
сот шешімінің қарар бөлігі сөзбе-сөз көрсетіледі
Сот шешімі/ ұйғарымы заңды күшіне енді - ____________________
күні
Өндіріп алушы туралы мәліметтер:
Өндіріп алушының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, айы, жылы, оның тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер және жеке сәйкестендіру нөмірі немесе, егер өндіріп алушы заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты орналасқан жері, банктік деректемелері және бизнес-сәйкестендіру нөмірі.
Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), заңды тұлғаның атауы:
______________________________________________________________________
Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні, айы және жылы толық көрсетіледі
ЖСН/БСН: ____________________________________________________________
Нақты тұрғылықты жері немесе орналасқан жері: ___________________________
ел, қала немесе облыс, аудан, ауыл, мекен-жайы,
байланыс деректері, электрондық пошта мекен-жайы
Тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер (мекен-жайы): ___________
ел, қала немесе облыс, аудан, ауыл, мекен-жайы,
байланыс деректері, электрондық пошта мекен-жайы
Өндіріп алушының банктік деректемелері _________________________________
БИК, КСК және и Бенефициар банкі, БСК, ТМК
Борышкер туралы мәліметтер:
Тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), борышкердің туған күні, айы, жылы, оның тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, оның жұмыс орны және борышкер жұмыс істейтін заңды тұлғаның банк деректемелері туралы мәліметтер (егер іс материалдарында бар болса), банк деректемелері және жеке сәйкестендіру нөмірі (егер іс материалдарында бар болса) немесе, егер борышкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты орналасқан жері, банктік деректемелері және бизнес-сәйкестендіру нөмірі.
Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), заңды тұлғаның атауы:
______________________________________________________________________
Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні, айы және жылы толық көрсетіледі
ЖСН/БСН: ____________________________________________________________
Жұмыс орны (егер іс материалдарында бар болса): __________________________
Борышкер еңбек қатынастарында тұрған ұйымның мекен-жайы
Нақты тұрғылықты жері немесе орналасқан жері: ___________________________
ел, қала немесе облыс, аудан, ауыл, мекен-жайы,
байланыс деректері, электрондық пошта мекен-жайы
Тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер (мекен-жайы): ___________
ел, қала немесе облыс, аудан, ауыл, мекен-жайы,
байланыс деректері, электрондық пошта мекен-жайы
Борышкердің банктік деректемелері _______________________________________
БИК, КСК және Бенефициар банкі, БСК, ТМК
Судья __________________________________
Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде)
Сот отырысының хатшысы (кеңесшісі) __________________________________
Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде)
Мөр орны
Атқару парағы берілді _________________
Атқару құжатын орындау (қайтару) туралы белгі