Құжат мәтініне өту

Об организации бесплатного питания отдельных категорий воспитанников дошкольных организаций образования района Алтай

Қаулы · № 453 · қабылданған 29.11.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-136586/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об организации бесплатного питания отдельных категорий воспитанников дошкольных организаций образования района Алтай Күшін жойған Қаулы ·№ 453 ·29.11.2019
27.07.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации бесплатного питания отдельных категорий воспитанников дошкольных организаций образования района Алтай

Күшін жойған Қаулы ·№ 453 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации бесплатного питания отдельных категорий воспитанников дошкольных организаций образования района Алтай
Атауы (қаз.)
Алтай ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
453
Қабылданған күні
29.11.2019
Көрсетілген редакция
27.07.2021 136586_533270.kaz
Соңғы өзгеріс
27.07.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19VL006344
ЭКБ идентификаторы
136586
Редакция идентификаторы
136586_533270
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:35

0 Алтай ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодекстің 56-бабы 1-тармағының 3) тармақшысына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 – бабы 4-тармағының 14) тармақшасына, «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына сәйкес, Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Алтай ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарын тегін тамақтандыру ұйымдастырылсын:

1 1)  жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

2 2)  даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедек балаларға;

3 3) көп балалы отбасылардың балаларына;

4 4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға.

2 2. Тегін тамақтандыру мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне мынадай растайтын құжаттарды ұсынған кезде ұйымдастырылады:

1 1) ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың еркін нысандағы жазбаша өтініші;

2 2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты) және патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтаманың көшірмесі;

3 3) мүгедек балалар үшін мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін психологиялық – медициналық -педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі;

4 4) көп балалы отбасылардың балалары үшін туу туралы куәлігінің көшірмесі;

5 5) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін өтініш берушінің (отбасының) «Алтай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама;

6

6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін алынған табысы туралы анықтама (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түсетін кірісі, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі кірістер). Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиелену кезеңінде тегін тамақтану құқығы жыл сайын осы қаулының 2 тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес құжаттарды мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ұсыну арқылы расталуы тиіс.
Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тегін тамақтандыруды ұйымдастыруды қаржыландыру шығындары тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.

3 3. «Алтай ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Алтай ауданы аумағында  таратылатын   мерзімді  баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

3 3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулының Алтай ауданы әкімінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтай ауданы әкімінің орынбасары Ж.А. Аскароваға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы