Об установлении карантина на территории крестьянского хозяйства «Беркат» села Шикылдак города Экибастуза
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении карантина на территории крестьянского хозяйства «Беркат» села Шикылдак города Экибастуза
- Атауы (қаз.)
- Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы «Беркат» шаруа қожалығының аумағында карантин белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 25.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 07.02.2020 136594_444381.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19PCE06646
- ЭКБ идентификаторы
- 136594
- Редакция идентификаторы
- 136594_444381
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:42
0 Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы «Беркат» шаруа қожалығының аумағында карантин белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Екібастұз қалалық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 18 қазандағы № 2-04/111 ұсынысы негізінде, Шиқылдақ ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ірі қара мал арасында қарасан ауруының анықталуына байланысты, Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылының «Беркат» шаруа қожалығының аумағында карантин белгіленсін.
2
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Екібастұз қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Павлодар облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Екібастұз қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Екібастұз
қалалық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ Т. Жакенов
2019 жылғы «22» қараша
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігінің Тауарлар мен
көрсетілетін қызметтердің сапасы
мен қауіпсіздігін бақылау комитеті
Павлодар облысының тауарлар мен
көрсетілетін қызметтердің сапасы
мен қауіпсіздігін бақылау
департаментінің Екібастұз қалалық
тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы»
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________ К. Токатов
2019 жылғы «22» қараша
«КЕЛІСІЛДІ»
«Екібастұз қаласы әкімдігінің
ветеринария бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
_____________ Е. Уразалимов
2019 жылғы «22» қараша