Об установлении единых ставок фиксированного налога по Панфиловскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога по Панфиловскому району
- Атауы (қаз.)
- Панфилов ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6-62-362
- Қабылданған күні
- 26.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2020 136607_458506.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19DP005309
- ЭКБ идентификаторы
- 136607
- Редакция идентификаторы
- 136607_458506
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:40
0 Панфилов ауданы бойынша тіркелген
салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 546-бабының 3-тармағына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Панфилов ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Панфилов аудандық мәслихатының «Бюджет және экономика, аграрлық, кәсіпкерлік, өндіріс, автокөлік жолдары, құрылыс мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Панфилов аудандық мәслихатының
2019 жылғы «____»______________
«Панфилов ауданы бойынша тіркелген
салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін
белгілеу туралы» № _______ шешіміне
қосымша
Панфилов ауданы аумағыңда қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
Рет. №
Салық салу объектісінің атауы
Бірыңғай тіркелген салықтық мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштермен)
1
2
3
1.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
5
2.
Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
7
3.
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
2
4.
Ойын жолы
45
5.
Карт
8
6.
Бильярд үстелі
9
7.
Уәкілетті ұйымның арнайы аймақта орналасқан айырбастау пункті
8
8.
Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті
12