Құжат мәтініне өту

«Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан»

Бұйрық · № 324/НҚ · қабылданған 26.11.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-136616/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
«Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 324/НҚ ·26.11.2019
26.11.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

«Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 324/НҚ · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
«Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
324/НҚ
Қабылданған күні
26.11.2019
Көрсетілген редакция
26.11.2019 136616_430456.kaz
Соңғы өзгеріс
26.11.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019674
ЭКБ идентификаторы
136616
Редакция идентификаторы
136616_430456
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:40

0 Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33-бабының
5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берілген осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.

2

2. «Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 24 сәуірде бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16802 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 28 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Адами ресурстарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2 2) осы бұйрықтың ресми жариялаған күнінен кейін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;

3

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) осы тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2019 жылғы __________
№ _____ бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы 33-бабының
5-тармағынажәне Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және оның ведомстволарының
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:

1 1) тікелей басшы – дербес бағынысында болып табылатын бағаланушы қызметшіге қатысты тұлға;

2 2) жоғары тұрған басшы – дербес бағынысты болып табылатын, бағаланушы қызметшінің тікелей басшысына қатысты тұлға;

3

3) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) – мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, саяси мемлекеттік қызметшінің меморандумына «А» корпусы қызметшісінің келісіміне немесе «Б» корпусы қызметшісінің қызметінің ерекшелігіне сәйкес (процесстік жұмысты қоспағанда) белгіленетін, «Б» корпусы қызметшілері қол жеткізген жағдайда олардың қызметінің тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер;

4 4) жеке жұмыс жоспары – «Б» корпусы қызметшісінің бағалау кезеңіне НМИ қарастырылған және тікелей басшысымен бірлесіп құрылатын, жоғары тұрған басшымен бекітілген құжат;

5 5) құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;

6 6) мінез-құлық индикаторы – «Б» корпусы қызметшісініңмінез-құлық және құзыреттер деңгейі көрінісінің сипаттамасы.

3 3. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.

4 4 «Б» корпусы қызметшісінің нақты лауазымға келу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда соның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін, сондай-ақ сынақ мерзімінде бағалау өткізілмейді.

Бағалауды өткізу кезінде «Б» корпусы қызметшілері еңбек демалысында, жалақы сақталмайтын демалысында, уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде, іс-сапарда немесе тағылымдамада болғанда, сондай-ақ қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілгенде жұмысына қайта кіріскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді.

5 5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі - уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.

Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.

6 6. Бағалау екі жеке бағыт бойынша жүргізіледі:

1 1) НМИ жетістіктерін бағалау;

2 2) «Б» корпусы қызметшілерінің құзыреттерін бағалау.

7 7. НМИ орындалуын бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, ротациялау, мемлекеттік лауазымдардан төмендету немесе босату үшін шешім қабылдауға негіз болып табылады.

Құзыреттерді бағалау нәтижелері «Б» корпусы қызметшісінің қажетті құзыреттерін дамытуға негіз болып табылады. Бұл ретте, құзыреттерді бағалау нәтижелері бонустар төлеуге, көтермелеуге, ротациялауға, мемлекеттік лауазымдардан төмендетуге немесе босатуға әсер етпейді.

8 8. Бағалауға байланысты құжаттар персоналды басқару қызметінде бағалау аяқталғаннан кейін үш жыл бойы сақталады.

2 2-тарау. НМИ анықтау тәртібі

9 9. Бағалау кезеңі басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің НМИ тікелей басшымен жеке жұмыс жоспарында осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысанда анықталады.

10 10. Жеке жұмыс жоспары тиісті НМИ әзірленген соң, ол бекіту үшін жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.

11 11. НМИ осы Әдістеменің 12-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе жоғары тұрған басшы жеке жұмыс жоспарын түзетуге қайтарады.

Жеке жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, түзетуге жолданған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

12 12. НМИ:

1 1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);

2 2) өлшемді (НМИ өлшеу үшін нақты критерийлер белгіленеді);

3 3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);

4 4) уақытпен шектеулі (НМИ қол жеткізу мерзімі белгіленеді);

5

5) мемлекеттік органның стратегиялық мақсатын, саяси қызметшінің меморандумын, «А» корпусы қызметшісінің келісімін жүзеге асыруға бағытталған болуы, тиіснемесе «Б» корпусы қызметшісінің қызметінің ерекшелігіне сәйкес (процесстік жұмысты қоспағанда) белгіленетін, «Б» корпусы қызметшілері қол жеткізген жағдайда олардың қызметінің тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер.

13 13. НМИ саны 5 құрайды.

14 14. Жеке жұмыс жоспары персоналды басқару қызметінде сақталады.

3 3-тарау. НМИ жетістігін бағалау тәртібі

15 15. Жеке жұмыс жоспарында көрсетілген НМИ жетістігіне бақылау жүргізу мақсатында тікелей басшы НМИ-да белгіленген жетістіктерге тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.

Тоқсан сайынғы мониторинг қортындысы бойынша тікелей басшы бағалауға жататын«Б» корпусы қызметшісіне НМИ-ге жету және сол үшін қажетті шаралар бойынша жазбаша ұсыныстарбереді.

16 16. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда НМИ бойынша бағалау парағынтолтырады және оған қол қояды.

17 17. Жеке жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары құрылған жыл қорытындысы бойынша НМИ бағалау негізінде келесі тәртіпте жүзеге асырылады.

НМИ барлығы орындалған жағдайда «өте жақсы» баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 4-і орындалған жағдайда «тиімді» баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 3-і орындалған жағдайда «қанағаттанарлық» баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 3-тен азы орындалған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» баға қойылады.
НМИ-дің орындалуы жеке жоспарда қарастырылған барлық көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.

18 18. Бағалау парағы тікелей басшымен толтырылғаннан кейін, ол жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.

19 19. «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда бағалау парағы оның қарауына енгізіледі.

20 20. «Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған басшымен келесі шешімдердің бірі қабылданады:

1 1) бағалаумен келісу;

2 2) түзетуге жіберу.

21 21. Бағалау парағы НМИ қол жеткізуін дәлелдейтін фактілердің жеткіліксіздігі немесе дәйексіздігі болған жағдайда түзетуге жолданады.

22 22. Бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, оны түзетуге жолдағаннан кейін 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

23 23. Жоғары тұрған басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін персоналды басқару қызметі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.

4 4-тарау. Құзыреттерді бағалау тәртібі

24 24. Құзыреттерді бағалау тікелей басшымен жүргізіледі және оның нәтижесі бойынша осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Құзыреттер бойынша бағалау парағы толтырылады.

25 25. Құзыреттер бойынша бағалау парағын толтыру барысында әр құзырет бойынша «Б» корпусы мемлекеттік лауазымдар санаттары үшін осы Әдістеменің 4-қосымшасымен көзделген мінез-құлық индикторларының жиынтығын басшылыққа алу қажет. Бір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының саны 10-нан аспайды.

26 26. Қызметші құзыретінің даму деңгейі бағалау кезеңінде оның қызметінде көрінген мінез-құлық индикторларының санымен келесі тәртіпте анықталады:

1 1) қызметшінің қызметінде белгілі бір құзыретпен көзделген мінез-құлық индикторларының 3/4 немесе одан көбі байқалған жағдайда «күтілген нәтижеге сәйкес» бағасы қойылады.

2 2) қызметшінің қызметі нақты құзыретпен көзделген мінез-құлық индикторларының 3/4-нен кеміне сәйкес келмесе, бағаланатын құзырет бойынша «күтілген нәтижеге сәйкес емес» бағасы қойылады.

27 27. Тікелей басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін персоналды басқару қызметі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.

5 5-тарау. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау және бағалау нәтижесіне шағымдану

28 28. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және бағалауды өткізуге дейін жеті жұмыс күні аралығында бағалауды жүргізетін тұлғаларды бағалау жүргізу туралы хабарлайды.

29 29. Комиссияның отырысы оның құрамының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.

30 30. Комиссияның төрағасын не мүшесін алмастыру комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

31 31. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

32 32. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, бағалау жөніндегі комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

33 33. Комиссияның хатшысы персоналды басқару қызметінің қызметшісі болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

34 34. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді.

35 35. Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына келесі құжаттарды ұсынады:

1 1) толтырылған бағалау парақтарын;

2 2) осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес Комиссия отырысының хаттамасының жобасын;

36 36. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды да келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

1 1) бағалау нәтижелерін бекіту;

2 2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.

37 37. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия бағалау нәтижесін түзетіп, оны хаттаманың «Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)»графасында көрсетіледі.

38 38. Бағалаудың нәтижелері уәкілетті тұлғамен бекітіледі және осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасында тіркеледі.

39 39. Персоналды басқару қызметі «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстырады.

40 40.  «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда,еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.

41 41. «Б» корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметімен «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесі мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы жолданады.

42

42. «Б» корпусы қызметшісінің Комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда немесе оның аумақтық департаментінде шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

1 1) мемлекеттік органға Комиссия шешімін жойып, «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қарау бойынша ұсыныс беру;

2 2) «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесінқайта қараусыз қалдыру.

43 43. «Б» корпусы қызметшісі бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.

1 «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары

Қазақстан Республикасы Цифрлық
даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігінің
«Б» корпусы мемлекеттікәкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
1-қосымша
Нысан
«БЕКІТЕМІН»
Жоғары тұрған басшы
___________________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні __________________________
қолы _________________________
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))_______________________________
Қызметшінің лауазымы: _________________________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:_____________________________________
_____________________________________________________________________________

п/п
Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы
Саяси мемлекеттік қызметшінің немесе «А» корпусы қызметішісі келісімінің қай көрсеткішінен немесе мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатынан түйінделедінемесе «Б» корпусы қызметшісінің қызметінің ерекшелігіне сәйкес (процесстік жұмысты қоспағанда) белгіленетін, «Б» корпусы қызметшілері қол жеткізген жағдайда олардың қызметінің тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер
Өлшем бірлігі
Жоспарлы мәні
Қол жеткізу мерзімдері
Түйінді нәтиже*
* Нысаналы мақсатты индикатор қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер
Қызметші
___________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________
қолы ____________________
Тікелей басшы
___________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________
қолы ____________________

2 НМИ бойынша бағалау парағы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттікәкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне
2-қосымша
Нысан
«БЕКІТЕМІН»
Жоғары тұрған басшы
________________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні __________________________
қолы _________________________
НМИ бойынша бағалау парағы

п/п
Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы
Өлшем
бірлігі
Жоспарлы мәні
Нақты мәні
Көрсеткішке қол жетті/көрсеткішке қол жетпеді
Бағалау нәтижесі __________________________________________________
(қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы)
Қызметші
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________
Тікелей басшы
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________

3 Құзыреттер бойынша бағалау парағы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің
«Б» корпусы мемлекеттікәкімшілік қызметшілерініңқызметін бағалау әдістемесіне
3-қосымша
Нысан
Құзыреттер бойынша бағалау парағы
Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
_________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
__________________________________________________________________
№ р/с
Құзыреттер атауы
Бағалау нәтижелері (күтілетін нәтижеге сәйкес/күтілетін нәтижеге сәйкес емес)
Қызметшіде байқамаған мінез-құлық индикатор атауы (күтілетін нәтижеге сәйкес емес бағасын алған жағдайда)
1
Қызметті басқару
2
Ынтымақтастық
3
Шешім қабылдау
4
Жеделділік
5
Өздігінен даму
6
Қызметті тұтынушыға бағдарлану *
7
Қызметті тұтынушыларды хабарландыру *
8
Адалдық
9
Жауапкершілік
10
Бастамашылдық
11
Стресске орнықтылық
*Лауазымдық міндеттеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жатпайтын «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері «Қызметті тұтынушыға бағдарлану» және «Қызметті тұтынушыларды хабарландыру» құзыреттері бойынша бағаланбайды.
Қызметші
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________
Тікелей басшы
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________

4 Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттікәкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
4-қосымша
Нысан
Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары
Құ­зы­рет­тер ата­уы
Мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік
ла­у­а­зым­дар са­на­ты
Ти­ім­ді мі­нез-құлық ин­ди­ка­тор­ла­ры
Ти­ім­сіз мі­нез-құлық ин­ди­ка­тор­ла­ры
қыз­мет­тік бас­қа­ру
C-1;
• Стра­те­ги­я­лық ба­ғыт­тар­ға сәй­кес нақ­ты мін­дет­тер қо­яды және тап­сыр­ма­лар бе­ре­ді;
• Бө­лім­ше­нің бе­рі­л­ген мін­дет­тер­ді са­па­лы және уақ­ты­лы орын­да­уы­на ұжым­ды ба­ғыт­тай­ды және жағ­дай жа­сай­ды;
• Бө­лім­ше жұ­мысын ба­сым­ды­лы­ғы­на қа­рай ти­ім­ді ұй­ым­да­сты­ра­ды;
• Стра­те­ги­я­лық ба­ғыт­тар­ға сәй­кес нақ­ты мін­дет­тер қоя ал­май­ды және тап­сыр­ма­лар бе­ре ал­май­ды;
• Бе­рі­л­ген мін­дет­тер­ді са­па­лы және уақ­ты­лы орын­да­уы­на ұжым­ды ба­ғыт­та­май­ды және жағ­дай жа­са­май­ды
• Бө­лім­ше жұ­мысын ба­сым­ды­лы­ғы­на мән бер­мей ти­ім­сіз ұй­ым­да­сты­ра­ды;
C-2 (де­пар­та­мент ди­рек­то­ры­ның орын­ба­са­ры);
C-3 (бас­қар­ма­бас­шы­сы);
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа
• Бө­лім­ше­нің қыз­ме­тін жос­пар­лау мен қам­та­ма­сыз ету­ге қа­жет­ті ақ­па­рат­тар­ды жи­нақ­тап, тал­дай­ды және бас­шы­лық­қа ен­гі­зе­ді;
• Се­ніп тап­сы­ры­л­ған ұжым­ның жұ­мысын жос­пар­лай­ды және ұй­ым­да­сты­ра­ды, олар­дың жос­пар­лан­ған нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зу­іне ық­пал ете­ді;
• Қыз­мет­кер­лер­дің қой­ы­л­ған мін­дет­тер­дің орын­да­луы ба­ры­сын­да­ғы қыз­ме­тіне ба­қы­лау жүр­гі­зе­ді;
• Бө­лім­ше жұ­мысы­ның нәти­же­ле­лі­лі­гін және са­па­сын қам­та­ма­сыз ете­ді;
• Бө­лім­ше­нің қыз­ме­тін жос­пар­лау мен қам­та­ма­сыз ету­ге қа­жет­ті ақ­па­рат­тар­ды жи­нақ­тап, тал­да­май­ды және бас­шы­лық­қа ен­гіз­бей­ді;
• Се­ніп тап­сы­ры­л­ған ұжым­ның жұ­мысын жос­пар­ла­май­ды және ұй­ым­да­стыр­май­ды, олар­дың жос­пар­лан­ған нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зу­іне ық­пал ет­пей­ді;
• Қыз­мет­кер­лер­дің қой­ы­л­ған мін­дет­тер­дің орын­да­луы­на ба­қы­лау жүр­гіз­бей­ді;
• Бө­лім­ше жұ­мысы­ның нәти­же­ле­лі­лі­гін және са­па­сын қам­та­ма­сыз ет­пей­ді;
C-2; *
C-3; *
C-4;
C-5;
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа
• Ба­сым­ды­лы­ғы­на қа­рай тап­сыр­ма­лар­ды ма­ңы­зды­лы­ғы ре­ті­мен қо­яды;
• Бас­шы­лық­қа са­па­лы құ­жат­тар дай­ын­дай­ды және ен­гі­зе­ді.;
• Өл­ше­улі уа­қыт жағ­дай­ын­да жұ­мыс жа­сай ала­ды;
• Бел­гі­лен­ген мер­зім­дер­ді сақ­тай­ды.
• Тап­сыр­ма­лар­ды жүй­е­сіз орын­дай­ды;
• Са­па­сыз құ­жат­тар әзір­лей­ді;
• Же­дел жұ­мыс жа­са­май­ды;
• Бел­гі­лен­ген мер­зім­дер­ді сақ­та­май­ды.
ЫН­ТЫ­МАҚ­ТА­СТЫҚ
C-1;
• Өз құ­зы­ре­ті ше­гін­де қыз­мет­кер­лер­ді мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­мен және ұй­ым­дар­мен ти­ім­ді қа­рым-қа­ты­на­сқа бағ­дар­лай­ды ;
• Қой­ы­л­ған мін­дет­тер­ге қол жет­кі­зу үшін әр­бір қыз­мет­кер­дің әле­уе­тін пай­да­ла­на­ды;
• Бас­қа бө­лім­ше­лер­мен бір­ле­сіп жос­пар­ды жү­зе­ге асы­ра­ды және ор­тақ нәти­же­ге қол жет­кі­зе­ді.

Өз құ­зы­ре­ті ше­гін­де қыз­мет­кер­лер­ді мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­мен және ұй­ым­дар­мен ти­ім­ді қа­рым-қа­ты­на­сқа бағ­дар­ла­май­ды ;

Қой­ы­л­ған мін­дет­тер­ге қол жет­кі­зу үшін кей­бір қыз­мет­кер­лер­дің әле­уе­тін пай­да­ла­на­ды;

Бас­қа бө­лім­ше­лер­мен бір­ле­сіп жос­пар­ды жү­зе­ге асы­ра ал­май­ды және ор­тақ нәти­же­ге қол жет­кіз­бей­ді.
C-2 (де­пар­та­мент ди­рек­то­ры­ның орын­ба­са­ры);
C-3 (бас­қар­ма бас­шы­сы);
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа

Ұжым­да се­нім­ді қа­рым-қа­ты­нас ор­на­та­ды;

Бө­лім­ше­нің қо­ғам­мен ти­ім­ді жұ­мысын ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша ұсы­ныс жа­сай­ды;

Бір­ле­сіп жұ­мыс ат­қа­ру үшін әріп­те­сте­рі­мен тә­жі­ри­бе­сі­мен және бі­лі­мі­мен бө­лі­се­ді;

Әр­қай­сысы­ның нәти­же­ге же­ту­ге қо­с­қан үле­сін анық­тай­ды.

Ұжым­да өза­ра се­нім­сіз қа­рым-қа­ты­нас ор­на­та­ды;

Бө­лім­ше және қо­ғам­мен ти­ім­ді жұ­мыс ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша ұсы­ныс жа­са­май­ды;

Бір­ле­сіп жұ­мыс ат­қа­ру үшін әріп­те­сте­рі­мен тә­жі­ри­бе­сі­мен және бі­лі­мі­мен бөл­іс­пей­ді;

Ба­ғы­ны­с­та­ғы тұ­лға­лар­дың нәти­же­ге же­ту­ге қо­с­қан үле­сін анық­та­май­ды.
C-2; *
C-3; *
C-4;
C-5;
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа

Ұжым­ның жұ­мысы­на үле­сін қо­са­ды және қа­жет болған жағ­дай­да тү­сін­дір­ме үшін аса тә­жі­ри­бе­лі әріп­те­сте­ріне жү­гі­не­ді;

Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұжым­дар­дың өкіл­де­рі­мен және әріп­те­сте­рі­мен қа­рым-қа­ты­на­сты да­мы­та­ды;

Тал­дау ба­ры­сын­да пі­кір ал­ма­са­ды және тал­қы­лау нәти­же­сін ес­ке­ре оты­рып, тап­сыр­ма­лар­ды орын­дай­ды.

Жұ­мыста тұй­ық­тық ұста­ны­мын біл­ді­ре­ді және тү­сін­дір­ме үшін аса тә­жі­ри­бе­лі әріп­те­сте­ріне жү­гін­бей­ді;

Әр­түр­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар­дың өкіл­де­рі­мен және әріп­те­сте­рі­мен өза­ра әре­кет­тес­пей­ді;

Әріп­те­сте­рі­мен мә­се­ле­лер­ді тал­қы­ла­май­ды.
ШЕ­ШІМ ҚА­БЫЛ­ДАУ
C-1;

Мін­дет­тер­ді дұ­рыс бө­ле ала­ды;

Ше­шім қа­был­дау ба­ры­сын­да мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер ту­ра­лы ха­бар­лай­ды;

Ше­шім қа­был­дау ба­ры­сын­да аль­тер­на­тив­ті ұсы­ныс жа­сай­ды;

Ти­ім­ді және жүй­е­лі ше­шім қа­был­дай­ды;

Же­ке тә­жі­ри­бе­сіне, бас­қа да­ма­ңы­зды бо­лып та­бы­ла­тын мә­лі­мет­тер­ге негіз­дел­ген ше­шім қа­был­дай­ды

Бө­лім­ше­де мін­дет­тер­ді дұ­рыс бө­ле ал­май­ды;

Орын алуы мүм­кін қа­уіп­тер ту­ра­лы ха­бар­ла­май­ды;

Ше­шім қа­был­дау ба­ры­сын­да аль­тер­на­тив­ті ұсы­ныс жа­са­май­ды;

Ти­ім­сіз және жүй­е­сіз ше­шім қа­был­дай­ды;

Ше­шім қа­был­дау ба­ры­сын­да тек өзі­нің же­ке тә­жі­ри­бе­сіне және көз­қа­ра­сы­на се­не­ді.
C-2 (де­пар­та­мент ди­рек­то­ры­ның орын­ба­са­ры);
C-3 (бас­қар­ма бас­шы­сы);
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа

Бө­лім­ше қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру­да тап­сыр­ма­лар­ды дұ­рыс бө­ле ала­ды;

Ше­шім қа­был­да­уда қа­жет­ті ақ­па­рат­тар­ды жи­на­уды ұй­ым­да­сты­ра­ды;

Ше­шім қа­был­да­уда­ғы тә­сіл­дер­ді ұжым­мен тал­қы­лай­ды;

Әр­түр­лі де­реккөз­дер­ден алын­ған ма­ғлұ­мат­тар­ды ес­ке­ре оты­рып, мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер­ді тал­дай­ды және бо­лжам­дай­ды;

Мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер мен сал­дар­лар­ды ес­ке­ре оты­рып, құ­зы­ре­ті ше­гін­де ше­шім қа­был­дай­ды.

Бө­лім­ше қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру­да тап­сыр­ма­лар­ды дұ­рыс бө­ле ал­май­ды;

Ше­шім қа­был­да­уда қа­жет­ті ақ­па­рат­тар­ды жи­на­уды си­рек ұй­ым­да­сты­ра­ды;

Ше­шім қа­был­да­уда­ғы тә­сіл­дер­ді ұжым­мен тал­қы­ла­удан бас тар­та­ды және бас­қа­лар­дың пі­кі­рін ес­кер­мей­ді;

Әр­түр­лі де­реккөз­дер­ден алын­ған ма­ғлұ­мат­тар­ды ес­кер­мей­ді, мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер­ді тал­да­май­ды және бо­лжа­май­ды;

Ше­шім қа­был­дау ба­ры­сын­да мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер мен сал­дар­лар­ды ес­кер­мей­ді.
C-2; *
C-3; *
C-4;
C-5;
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа

Қа­жет­ті мә­лі­мет­тер­ді та­ба ала­ды;

Мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер­ді ес­ке­ре оты­рып, мә­се­ле­лер­ді ше­шу­дің бір­не­ше жо­лын ұсы­на­ды;

Өзі­нің пі­кі­рін негіз­дей ала­ды.
• Қа­жет­ті мә­лі­мет­тер­ді та­ба ал­май­ды;

Мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер­ді ес­кер­мей­ді неме­се мә­се­ле­лер­ді ше­шу­дің аль­тер­на­ти­ва­сын ұсын­бай­ды;

Негіз­сіз пі­кір біл­ді­ре­ді.
ҚЫЗ­МЕТ­ТІ ТҰ­ТЫ­НУ­ШЫ­ҒА БАҒ­ДАР­ЛА­НУ
C-1;

Стра­те­ги­я­лық­мақ­сат­тар мен ба­сым­ды­лық­тар­ды­ес­ке­ріп, нақ­ты­мін­дет­тер­қо­яа­ла­ды;

Қыз­мет­көр­се­ту­дің­ти­ім­ді­ә­ді­сте­рін­бі­ле­ді;

Көр­се­ті­ле­тін­қыз­мет­тер­дің­қол­же­тім­ді­лі­лі­гін­қам­та­ма­сызе­те­ді;

Қыз­мет­тұ­ты­ну­шы­лар­дың­қа­на­ғат­та­ну­шы­лы­ғы­на­тал­да­у­жүр­гі­зе­ді­ж­әнеқыз­ме­т­к­ө­р­с­е­т­у­д­і­ж­е­т­і­л­д­і­р­у­д­і­ң­ж­о­л­д­а­р­ы­н­қ­а­р­а­с­т­ы­р­а­ды.

Стра­те­ги­я­лық­мақ­сат­тар мен ба­сым­ды­лық­тар­ды­ес­кер­мей, аны­қе­ме­смін­дет­тер­қо­яа­ла­ды;

Қыз­мет­көр­се­ту­діңә­ді­сте­рі­ту­ра­лы ша­ла-шар­пы­бі­ле­ді;

Көр­се­ті­ле­тін­қыз­мет­тер­дің­қол­же­тім­ді­лі­лі­гін­қам­та­ма­сызет­пей­ді;

Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­бой­ын­ша­тұ­ты­ну­шы­лар­дың­қа­на­ғат­та­ну­шы­лы­ғы­на­тал­да­у­жүр­гіз­бей­ді­ж­ә­н­е­қ­ы­з­м­е­т­к­ө­р­с­е­т­у­д­і­ж­е­т­і­л­д­і­р­у­д­і­ң­ж­о­л­д­а­р­ы­н­қ­а­р­а­с­т­ы­р­м­а­й­ды.
C-2 (де­пар­та­мент ди­рек­то­ры­ның орын­ба­са­ры);
C-3 (бас­қар­ма бас­шы­сы);
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа

Са­па­лы­қыз­мет­көр­се­ту­жө­нін­де­гі­жұ­мыстар­ды­ұй­ым­да­сты­ра­ды­ж­әне­туын­да­ға­н­м­ә­с­е­л­е­л­е­р­д­і­ш­е­ш­е­ді;

Ке­рі­бай­ла­ны­сты­қам­та­ма­сызе­ту­мақ­са­тында­қа­на­ғат­та­ну­шы­лық­дей­гей­і­нан­ы­қ­т­а­у­ғ­а­ж­а­ғ­д­а­й­ж­а­с­а­й­ды;

Қыз­мет­көр­се­ту­дің­са­па­сын­ба­қы­лай­ды, сон­дай-ақ­же­ке­үл­гі бо­лу ар­қы­лы­көр­се­те­ді.

Са­па­лы­қыз­мет­көр­се­ту­жө­нін­де­гі­жұ­мыстар­ды­ұй­ым­да­стыр­май­ды­ж­әне­туын­да­ғ­а­н­м­ә­с­е­л­е­л­е­р­д­і­ш­е­ш­п­е­й­ді;

Ке­рі­бай­ла­ны­сты­қам­та­ма­сызе­ту­мақ­са­тында­қа­на­ғат­та­ну­шы­лық­дей­гей­і­нан­ы­қ­т­а­у­ғ­а­ж­а­ғ­д­а­й­ж­а­с­а­м­а­й­ды;

Са­па­сыз­қыз­мет­көр­се­ту­ге­жол­бе­ре­ді, қы­зық­па­у­шы­лық­біл­ді­ре­ді.
C-2; *
C-3; *
C-4;
C-5;
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа

Сы­пай­ы­ж­әне­ті­лек­те­стікпен­қыз­мет­көр­се­те­ді;

Қыз­мет­көр­се­ту­ге­қа­на­ғат­та­ну­шы­лық­дең­гей­ін­тал­дай­ды­ж­ә­нео­лар­ды­же­тіл­д­і­р­у­д­і­ң­ж­ө­н­і­н­д­е­ұ­с­ы­н­ы­с­т­а­р­е­н­г­і­з­е­ді;

Қыз­мет­көр­се­ту­са­па­сы­н­жақ­сар­ту­бой­ын­ша­ұ­сы­ны­сен­гі­зе­ді.

Қыз­ме­та­лушы­ға­дө­ре­кі­лі­к­ж­әне­нем­құ­рай­лы­лық­біл­ді­ре­ді;

Тұ­ты­ну­шы­ның­сұрақ­та­ры мен мә­се­ле­ле­рі­нем­ән­бер­мей­ді;

Қыз­мет­көр­се­ту­са­па­сы­н­жақ­сар­ту­бой­ын­ша­бел­сен­ді­лік­та­ныт­пай­ды.
ҚЫЗ­МЕТ­ТІ ТҰ­ТЫ­НУ­ШЫ­ҒА АҚ­ПА­РАТ­ТАН­ДЫ­РУ
C-1;

Ұжым­ға қыз­мет алушы тұ­ты­ну­шы­лар ара­сын­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы ақ­па­рат­тар­ды жет­кі­зу қа­жет­ті­лі­гі ту­ра­лы үне­мі тү­сін­ді­ре­ді;

Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы ақ­па­рат­тан­ды­ру­дың ти­ім­ді тә­сі­лін құ­ра­с­ты­ра­ды.

Ұжым­ға қыз­мет алушы тұ­ты­ну­шы­лар ара­сын­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы ақ­па­рат­тар­ды жет­кі­зу қа­жет­ті­лі­гі ту­ра­лы тү­сін­ді­ру жұ­мыста­рын жүр­гіз­бей­ді;

Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы ақ­па­рат­тан­ды­ру­дың ти­ім­сіз тә­сі­лін құ­ра­с­ты­ра­ды.
C-2 (де­пар­та­мент ди­рек­то­ры­ның орын­ба­са­ры);
C-3 (бас­қар­ма бас­шы­сы);
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа

Ба­ғы­ны­с­та­ғы­лар­ды қыз­мет алушы­лар­ды қол­же­тім­ді ақ­па­рат­тан­ды­ру­ға бағ­дар­лай­ды;

Тұ­ты­ну­шы­ға ақ­па­рат­тар­ды құр­мет­пен және игі­лік­пен жет­кі­зе­ді;

Қыз­мет тұ­ты­ну­шы­ла­ры­ның пі­кі­рін құр­мет­тей­ді.

Ба­ғы­ны­с­та­ғы­лар­мен қыз­мет алушы­лар­ды ақ­па­рат­тан­ды­ру бой­ын­ша жұ­мыс жүр­гіз­бей­ді;

Тұ­ты­ну­шы­ға ақ­па­рат­тар­ды жет­кіз­бей­ді неме­се нем­құ­рай­лы және жақ­тыр­май жет­кі­зе­ді;

Қыз­мет тұ­ты­ну­шы­ла­ры­ның пі­кі­рін еле­мей­ді.
C-2; *
C-3; *
C-4;
C-5;
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа

Қыз­мет алушы­лар­ды ақ­па­рат­тан­ды­ру­дың ти­ім­ді тә­сіл­де­рін қол­да­на­ды;

Тұ­ты­ну­шы­ға ақ­па­рат­ты қол­же­тім­ді ауыз­ша және жа­з­ба­ша түр­де жет­кі­зе­ді;

Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты уақ­ты­лы қа­был­дай және жі­бе­ре ала­ды.

Қыз­мет алушы­лар­ды ақ­па­рат­тан­ды­ру­дың ти­ім­сіз тә­сіл­де­рін қол­да­на­ды;

Тұ­ты­ну­шы­ға ақ­па­рат­ты ауыз­ша және жа­з­ба­ша түр­де жет­кіз­бей­ді неме­се тү­сі­нік­сіз жет­кі­зе­ді;

Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты уақ­ты­лы қа­был­дай және жі­бе­ре ал­май­ды.
ЖЕ­ДЕЛ­ДІ­ЛІК
C-1;

Ұжым­ға жа­ңа ба­сым­дық­тар­ды уа­қы­ты­лы жет­кі­зе­ді;

Өзге­рі­стер­ді уақ­ты­лы елеу үшін ти­ім­ді ша­ра­лар қа­был­дай­ды;

Бө­лім­ше­ні ти­ім­ді бас­қа­ра­ды және іш­кі және сырт­қы өзге­рі­стер ке­зін­де нәти­же­ге қол жет­кі­зе­ді;

Жұ­мыстың жа­ңа ба­ғыт­та­рын қол­да­ну бой­ын­ша ұсы­ны­ста­рын тал­дай­ды және бас­шы­лық­қа ен­гі­зе­ді.

Ұжым­ға жа­ңа ба­сым­дық­тар­ды жет­кіз­бей­ді неме­се мер­зім­нен кеш жет­кі­зе­ді;

Өзге­рі­стер­ді уақ­ты­лы елеу үшін ша­ра­лар қа­был­да­май­ды неме­се ти­ім­сіз ша­ра­лар қа­был­дай­ды;

Бө­лім­ше­ні ти­ім­сіз бас­қа­ра­ды және іш­кі және сырт­қы өзге­рі­стер ке­зін­де нәти­же­ге қол жет­кіз­бей­ді;

Жұ­мыстың жа­ңа ба­ғыт­та­рын қол­да­ну бой­ын­ша ұсы­ны­ста­рын тал­да­май­ды және бас­шы­лық­қа ен­гіз­бей­ді.
C-2 (де­пар­та­мент ди­рек­то­ры­ның орын­ба­са­ры);
C-3 (бас­қар­ма бас­шы­сы);
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа

Жұ­мыстың жа­ңа ба­ғыт­та­рын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі ұсы­ны­стар­ды қа­рай­ды және бас­шы­лық­қа ен­гі­зе­ді;

Бо­лып жа­тқан өзге­рі­стер­ге тал­дау жа­сай­ды және жұ­мысты жақ­сар­ту бой­ын­ша уақ­ты­лы ша­ра­лар қа­был­дай­ды;

Өзге­рі­стер­ді дұ­рыс қа­был­да­уды өзі­нің үл­гі өне­ге­сі­мен көр­се­те­ді.

Жұ­мыстың жа­ңа ба­ғыт­та­рын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі ұсы­ны­стар­ды қа­ра­май­ды және бас­шы­лық­қа ен­гіз­бей­ді;

Бо­лып жа­тқан өзге­рі­стер­ге тал­дау жа­са­май­ды және жұ­мысты жақ­сар­ту бой­ын­ша ша­ра­лар қа­был­да­май­ды;

Бо­лып жа­тқан және кү­тіл­ме­ген өзге­рі­стер ке­зін­де өзін-өзі ба­қы­ла­май­ды.
C-2; *
C-3; *
C-4;
C-5;
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа

Жұ­мысты жақ­сар­ту жө­нін­де ұсы­ны­стар ен­гі­зе­ді;

Олар­ды ен­гі­зу­дің жа­ңа ба­ғыт­та­ры мен әді­сте­рін үй­ре­не­ді;

Өзге­ріс жағ­дай­ла­рын­да өзін -өзі ба­қы­лай­ды;

Өзге­ріс жағ­дай­ла­рын­да тез бей­ім­де­ле­ді.

Жұ­мыстың қол­да­ны­с­та­ғы рә­сім­де­рі мен әді­сте­рін ұста­на­ды;

Жа­ңа ба­ғыт­тар мен әді­стер­ді зерт­теп олар­ды ен­гіз­бей­ді;

Өзге­ріс жағ­дай­ла­рын­да өзін-өзі ба­қы­лай ал­май­ды;

Өзге­ріс жағ­дай­ла­рын­да бей­ім­дел­мей­ді неме­се ба­яу бей­ім­де­ле­ді.
ӨЗДІ­ГІ­НЕН ДА­МУ
C-1;

Үл­гі­лі қыз­мет­кер­лер­ді жо­ға­ры­ла­ту ту­ра­лы ұсы­ны­стар­ды қа­рас­ты­рып, ен­гі­зе­ді.

Қыз­мет­кер­лер­ді да­мы­ту бой­ын­ша жүй­е­лі ша­ра­лар­ды қа­был­дай­ды;

Әріп­те­сте­рі­мен жи­нақ­тал­ған тә­жі­ри­бе­сі­мен, бі­лі­мі­мен бө­лі­се­ді, сон­дай-ақ, олар­дың да­му дең­гей­ін анық­тай­ды;

Өзді­гі­нен да­му­ға ұм­ты­лы­сын өзі­нің же­ке үл­гі­сін­де көр­се­те­ді;

Үл­гі­лі қыз­мет­кер­лер­ді анық­та­май­ды және олар­ды жо­ға­ры­ла­ту ту­ра­лы ұсы­ны­стар­ды қа­рас­тыр­май­ды;

Қыз­мет­кер­лер­ді да­мы­ту бой­ын­ша жүй­е­лі ша­ра­лар­ды қа­был­да­май­ды неме­се жүй­е­сіз ша­ра­лар­ды қа­был­дай­ды;

Әріп­те­сте­рі­мен жи­нақ­тал­ған тә­жі­ри­бе­сі­мен, бі­лі­мі­мен бөл­іс­пей­ді, сон­дай-ақ, олар­дың да­му дең­гей­ін анық­та­май­ды;

Өзді­гі­нен да­му­ға ұм­ты­лы­сын өзі­нің же­ке үл­гі­сін­де көр­се­ту­ге кө­ңіл бөл­мей­ді.
C-2 (де­пар­та­мент ди­рек­то­ры­ның орын­ба­са­ры);
C-3 (бас­қар­ма бас­шы­сы);
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа

Ба­ғы­ны­сты­лар­дың құ­зы­рет­тер дең­гей­ін жо­ға­ры­ла­ту бой­ын­ша іс-ша­ра­лар ұсы­на­ды;

Мақ­сат­қа же­ту үшін өзі­нің құ­зы­рет­те­рін да­мы­та­ды және олар­ды ба­ғы­ны­сты­лар­да да­мы­ту үшін ша­ра­лар қа­был­дай­ды;

Ба­ғы­ны­сты­лар­мен олар­дың құ­зы­рет­те­рін, оның ішін­де да­му­ды қа­жет ете­тін құ­зы­рет­тер­ді тал­қы­лай­ды.

Ба­ғы­ны­сты­лар­дың құ­зы­рет­тер дең­гей­і­нің жо­ға­ры­ла­у­ы­на қызығ­у­шы­лық та­ныт­пай­ды;

Мақ­сат­қа же­ту үшін өзі­нің және ба­ғы­ны­сты­ла­ры­ның құ­зы­рет­те­рін да­мыт­пай­ды;

Ба­ғы­ны­сты­лар­мен олар­дың құ­зы­рет­те­рін тал­қы­ла­май­ды.
C-2; *
C-3; *
C-4;
C-5;
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа

Жа­ңа бі­лім­дер мен тех­но­ло­ги­я­лар­ға қызығ­у­шы­лық та­ны­та­ды;

Өзін­ді­гі­нен да­му­ға ұм­ты­ла­ды, жа­ңа ақ­па­рат­тар мен оны қол­да­ну­дың әді­сте­рін із­де­не­ді;

Тә­жі­ри­бе­де ти­ім­ді­лік­ті арт­ты­ра­тын жа­ңа дағ­ды­лар­ды қол­да­на­ды.

Жа­ңа бі­лім­дер мен тех­но­ло­ги­я­лар­ға қызығ­у­шы­лық та­ныт­пай­ды;

Өзін­ді­гі­нен да­му­ға ұм­тыл­май­ды, жа­ңа ақ­па­рат­тар мен оны қол­да­ну әді­сте­рі­мен қы­зық­пай­ды;

Өзін­де бар дағ­ды­лар­мен шек­те­ле­ді.
АДАЛ­ДЫҚ
C-1;

Жұ­мыс­кер­лер­ме­нә­деп­ті­лік­нор­ма­ла­ры мен стан­дарт­та­ры­ның­сақ­та­луын­қам­та­ма­сызе­те­ді;

Ұжым­да­мем­ле­кет­тікқыз­мет­тіңә­деп­ті­лік­нор­ма­ла­ры мен стан­дарт­та­ры­на­бе­рі­л­ген­дік­дең­гей­ін­да­мы­та­ды;

Бас­қа­лар­ды­ң­же­ті­стікте­рін­мой­ын­дай­ды, әріп­те­сте­рі­нің­на­мысы мен абы­рой­ы­на­нұқ­сан­кел­ті­ре­ті­но­лар­ды­ң­же­ке­ж­әнек­ә­сі­би­қа­си­ет­те­рін­тал­қы­л­а­у­д­а­н­т­а­р­т­ы­н­а­ды;

Әдеп­ті­лік­нор­ма­лар­дың­бұ­зы­л­ғанды­ғы­не­ле­пес­ке­ре­ді­ж­әне­а­нық­тай­ды;

Ри­я­сыздық, әділ­дік, адал­ниет­ті­лік, сон­дай-ақ, же­ке­тұл­ға­ның­на­мысы мен абы­рой­ы­на­құр­мет­та­ны­та­о­ты­рып, ба­ғы­ны­сты­ла­ры­ү­шінә­деп­ті­мі­нез-құлық­ты­ңүл­гі­сі­бо­ла­ды.

Өзі­нің­бө­лім­ше­жұ­мысы­ныңт­ә­жі­ри­бе­сін­де­а­шық­тық, шы­най­ы­лы­қ­ж­әне­әділ­дік­ке­ба­ғыт­тал­ғанә­деп­нор­ма­ла­ры мен құн­ды­лық­тар­ды­бі­рік­ті­ре­ді;

Жұ­мыс­кер­лер­мен әдеп­ті­лік нор­ма­ла­ры мен стан­дарт­та­ры­ның сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ет­пей­ді;

Мем­ле­кет­тік қыз­мет жо­лын ұста­у­шы­лық әр­кім­нің же­ке ісі деп есеп­тей­ді;

Бас­қа­лар­дың же­ті­стікте­рін мой­ын­да­май­ды, әріп­те­сте­рі­нің на­мысы мен абы­рой­ы­на нұқ­сан кел­ті­ре­тін олар­дың же­ке және кә­сі­би қа­си­ет­те­рін тал­қы­ла­у­ға жол бе­ре­ді;

Әдеп­ті­лік нор­ма­лар­дың бұ­зы­л­ғанды­ғын елеп ес­кер­мей­ді;

Ри­я­сыздық, әділ­дік, адал ни­ет­ті­лік, сон­дай-ақ, же­ке тұл­ға­ның на­мысы мен абы­рой­ы­на құр­мет та­ныт­пай­ды;

Өзі­нің бө­лім­ше жұ­мысы­ның тә­жі­ри­бе­сін­де ашық­тық, шы­най­ы­лық және әділ­дік­ке ба­ғыт­тал­ған әдеп нор­ма­ла­ры мен құн­ды­лық­тар­ды бі­рік­тір­мей­ді;
C-2 (де­пар­та­мент ди­рек­то­ры­ның орын­ба­са­ры);
C-3 (бас­қар­ма бас­шы­сы);
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа

Бел­гі­лен­ген­стан­дарт­тар мен нор­ма­лар­дың, шек­те­улер мен тый­ым­дар­дың­сақ­та­луын­ба­қы­лай­ды;

Ұжым­ны­ң­мүд­де­сі­нөз­мүд­де­сі­нен­жо­ға­ры­қо­яды;

Ұжым­да­ғы­сый­ла­стық пен се­ні­маху­а­лын­қа­лып­та­сты­ра­ды;

Ба­ғы­ны­сты­лар­ды­ңіс-әре­ке­т­ін­де­шы­най­ы­лы­қ­ж­әне­әді­лет­ті­лік­прин­ципте­рін­сақ­та­уды­қам­та­ма­сы­з­е­т­е­ді;

Ри­я­сыздық, әділ­дік, адал­ниет­ті­лік, сон­дай-ақ, же­ке­тұл­ға­ның­на­мысы мен абы­рой­ы­на­құр­мет­та­ны­та­о­ты­рып, ба­ғы­ны­сты­ла­ры­ү­шінә­деп­ті­мі­нез-құлық­ты­ңүл­гі­сі­бо­ла­ды.

Ұжым­да бел­гі­лен­ген стан­дарт­тар мен нор­ма­лар­дың, шек­те­улер мен тый­ым­дар­дың орын алуы­на жол бе­ре­ді;

Өз мүд­де­сін ұжым мүд­де­сі­нен жо­ға­ры қо­яды;

Жұ­мыста та­бан­ды­лық та­ныт­пай­ды;

Ұжым­да­ғы сый­ла­стық пен се­нім аху­а­лын қа­лып­та­стыр­май­ды;

Ба­ғы­ны­сты­лар­дың іс-әре­ке­т­ін­де шы­най­ы­лық және әді­лет­ті­лік прин­ципте­рін сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ет­пей­ді;
C-2; *
C-3; *
C-4;
C-5;
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа

Бел­гі­лен­ге­нә­деп­ті­лік­нор­ма­ла­ры мен стан­дарт­та­ры­на­сүй­е­не­ді;

Өзі­н­ің­жұ­мысы­на­да­ло­рын­дай­ды;

Өзі­на­дал, қа­ра­пай­ым, әді­лұ­стай­ды, бас­қа­лар­ға­сы­пай­ы­лы­қ­ж­әне­би­я­зы­лық­та­ны­та­ды.

Бел­гі­лен­ген әдеп­ті­лік нор­ма­ла­ры мен стан­дарт­та­ры­на сай кел­мей­тін мі­нез-құлық­тар та­ны­та­ды;

Өзі­нің жұ­мысын орын­дау ба­ры­сын­да нем­құ­рай­лы­лық біл­ді­ре­ді;

Өзін адал­сыз, шам­дан­ған және бас­қа­лар­ға дө­ре­кі­лік және мен­сіз­бе­у­ші­лік қа­си­ет­те­рін та­ны­та­ды;
СТРЕС­СКЕ ОР­НЫҚ­ТЫ­ЛЫҚ
C-1;

Сын­ға­са­быр­лық­пен­қа­рай­ды­ж­әне­не­гіз­ді­болған­жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді­жо­ю­жө­нін­де­ша­ра­лар­қа­был­дай­ды.

Сын­ға са­быр­сыз қа­рай­ды және негіз­ді болған жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді жою жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­да­май­ды.
C-2 (де­пар­та­мент ди­рек­то­ры­ның орын­ба­са­ры);
C-3 (бас­қар­ма бас­шы­сы);
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа

Сын­ға­са­быр­лық­пен­қа­рай­ды­ж­әне­не­гіз­ді­болған­жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді­жо­ю­жө­нін­де­ша­ра­лар­қа­был­дай­ды.

Сын­ға са­быр­сыз қа­рай­ды және негіз­ді болған жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді жою жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­да­май­ды.
C-2; *
C-3; *
C-4;
C-5;
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа

Сын­ға­са­быр­лық­пен­қа­рай­ды­ж­әне­не­гіз­ді­болған­жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді­жо­ю­жө­нін­де­ша­ра­лар­қа­был­дай­ды.

Сын­ға са­быр­сыз қа­рай­ды және негіз­ді болған жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді жою жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­да­май­ды.
ЖА­У­АП­КЕР­ШІ­ЛІК
C-1;

Құ­ры­лым­дық­бө­лім­ше­нің­қыз­ме­ті­нұй­ым­да­сты­ру­ды­же­ке­жа­у­ап­кер­ші­лі­гі­не­ал­а­ды.

Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру жа­у­ап­кер­ші­лі­гін бас­қа ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ға ар­та­ды.
C-2 (де­пар­та­мент ди­рек­то­ры­ның орын­ба­са­ры);
C-3 (бас­қар­ма бас­шы­сы);
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа

Құ­ры­лым­дық­бө­лім­ше­қыз­ме­ті­нұй­ым­да­сты­ру­ды­же­ке­жа­у­ап­кер­ші­лі­гі­не­а­ла­ды.

Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру жа­у­ап­кер­ші­лі­гін бас­қа ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ға ар­та­ды.
C-2; *
C-3; *
C-4;
C-5;
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа

Өз ісі мен нәти­же­ле­рі үшін жа­у­ап­ты­лық­та бо­ла­ды.

Өз ісі мен нәти­же­ле­рі үшін жа­у­ап­ты­лық­ты бас­қа тұл­ға­ға ар­та­ды.
БА­СТА­МА­ШЫЛ­ДЫҚ
C-1;

Қыз­мет­ти­ім­ді­лі­гін­жо­ға­ры­ла­ту­ға­ба­ғыт­тал­ға­нин­но­ва­ци­я­лықт­ә­сіл­дер мен ше­шім­де­рен­гі­зу­жө­нін­де­гі­ұсы­ны­старды­тү­зе­ді­ж­әне­қа­рас­ты­ра­ды.

Қыз­мет ти­ім­ді­лі­гін жо­ға­ры­ла­ту­ға ба­ғыт­тал­ған ин­но­ва­ци­я­лық тә­сіл­дер мен ше­шім­дер ен­гі­зу жө­нін­де­гі ұсы­ны­стар­ды әзір­ле­мей­ді және қа­рас­тыр­май­ды.
C-2 (де­пар­та­мент ди­рек­то­ры­ның орын­ба­са­ры);
C-3 (бас­қар­ма бас­шы­сы);
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа

Қыз­мет­ти­ім­ді­лі­гін­жо­ға­ры­ла­ту­ға­ба­ғыт­тал­ға­нин­но­ва­ци­я­лықт­ә­сіл­де­рін­ж­ә­н­е­ш­е­ш­і­м­д­е­р­і­н­е­н­д­і­р­у­б­о­й­ы­н­ш­а­ұ­с­ы­н­ы­с­т­а­р­д­ы­т­а­л­д­а­й­д­ы­ж­ә­н­е­е­н­г­і­з­е­ді.

Қыз­мет ти­ім­ді­лі­гін жо­ға­ры­ла­ту­ға ба­ғыт­тал­ған ин­но­ва­ци­я­лық тә­сіл­де­рін және ше­шім­де­рін ен­ді­ру бой­ын­ша ұсы­ны­стар­ды тал­да­май­ды және ен­гіз­бей­ді.
C-2; *
C-3; *
C-4;
C-5;
* осы ба­ған­ның жо­ға­ры тұр­ған қа­та­рын­да көр­се­ті­л­ген тұ­лға­лар­дан бас­қа

Ұсы­ны­стар мен ба­ста­ма­ла­рын ен­гі­зе­ді және өзі­нің негіз­гі мін­дет­те­рі­нен бас­қа қо­сым­ша жұ­мыстар­ды орын­дай­ды.

Ұсы­ны­стар мен ба­ста­ма­ла­рын ен­гіз­бей­ді және өзі­нің негіз­гі мін­дет­те­рі­нен бас­қа қо­сым­ша жұ­мыстар­ды орын­да­май­ды.

5 Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің
«Б» корпусы мемлекеттікәкімшілік қызметшілерініңқызметін бағалаудыңүлгілік әдістемесіне
5-қосымша
Нысан
«БЕКІТЕМІН»
Лауазымды тұлға
________________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні __________________________
қолы _________________________
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
____________________________________________________________________
(бағалау мерзіміжыл)
Бағалаунәтижелері

р/с
Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Бағалаунәтижелерітуралымәлімет
Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)
Комиссияныңұсыныстары
1.
2.
...
Комиссия қорытындысы:
____________________________________________________________________
Тексерілді:
Комиссияныңхатшысы: ___________________________ Күні: _____________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссияның төрағасы: ____________________________ Күні: ____________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссияның мүшесі: _____________________________ Күні: _____________
(тегі, аты-жөні, қолы)

Қолданыстағы