Об утверждении перечня закупаемых продовольственных товаров в региональный стабилизационный фонд продовольственных товаров и предельной торговой надбавки
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня закупаемых продовольственных товаров в региональный стабилизационный фонд продовольственных товаров и предельной торговой надбавки
- Атауы (қаз.)
- Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және шекті сауда үстемесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 108
- Қабылданған күні
- 03.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 18.06.2020 136654_467689.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19L0006998
- ЭКБ идентификаторы
- 136654
- Редакция идентификаторы
- 136654_467689
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:33
0 Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және шекті сауда үстемесін бекіту туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 17-11) тармақшасына, «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 19123 нөмірімен тіркелген) және Қызылорда облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия отырысының 2019 жылғы 18 қазандағы № 1 хаттамасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесі және шекті сауда үстемесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды заңнамамен белгіленген тәртіппен қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Б. Намаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Қызылорда облысы әкімдігінің
2019 жылғы «3» желтоқсандағы № 108
қаулысына қосымша
Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесі және шекті сауда үстемесі
№
Азық-түлік тауарларының атауы
Шекті сауда үстемесі (жеткізу құнын қоса есептегенде өнімді сатып алу бағасынан асырмай сату) %
көтерме сауда
бөлшек сауда
1
Бірінші сортты бидай ұны
10
10
2
Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)
2
8
3
Рожки (өлшеніп салынатын)
5
7
4
Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)
5
7
5
Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)
4
5
6
Картоп
10
10
7
Асханалық сәбіз
10
10
8
Басты пияз
10
10
9
Ақ қауданды қырыққабат
10
10
10
Аққант – құмшекер
5
5
11
Күнбағыс майы
5
5
12
Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)
3
6
13
Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)
5
5
14
Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада
2
3
15
Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада
2
5
16
Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)
5
5
17
Тауық жұмыртқасы (І санатты)
5
5
18
Ас тұзы («Экстра»-дан басқа)
3
10
19
Сүзбе майлылығы 5-9%
2
6