Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил предоставления банками информации по прямому и косвенному участию в уставных капиталах юридических лиц, в которых банки являются крупными участниками

Қаулы · № 212 · қабылданған 28.11.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-136713/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил предоставления банками информации по прямому и косвенному участию в уставных капиталах юридических лиц, в которых банки являются крупными участниками Күшін жойған Қаулы ·№ 212 ·28.11.2019
22.02.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.02.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил предоставления банками информации по прямому и косвенному участию в уставных капиталах юридических лиц, в которых банки являются крупными участниками

Күшін жойған Қаулы ·№ 212 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил предоставления банками информации по прямому и косвенному участию в уставных капиталах юридических лиц, в которых банки являются крупными участниками
Атауы (қаз.)
Ірі қатысушылары банктер болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей және жанама қатысуы жөнінде банктердің ақпарат беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
212
Қабылданған күні
28.11.2019
Көрсетілген редакция
22.02.2021 136713_514444.kaz
Соңғы өзгеріс
22.02.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019694
ЭКБ идентификаторы
136713
Редакция идентификаторы
136713_514444
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:37

0 Ірі қатысушылары банктер болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей және жанама қатысуы жөнінде банктердің ақпарат беру қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Ірі қатысушылары банктер болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей және жанама қатысуы жөнінде банктердің ақпарат беру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және

3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

0 Ірі қатысушылары банктер болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей және жанама қатысуы жөнінде банктердің ақпарат беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы «___» ____________
№ ___ қаулысымен
бекітілді
Ірі қатысушылары банктер болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық
капиталына тікелей және жанама қатысуы жөнінде банктердің ақпарат беру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ірі қатысушылары банктер болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей және жанама қатысуы жөнінде банктердің ақпарат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы

31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және банктердің қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ірі қатысушылары банктер болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей және жанама қатысуы жөнінде сұратқан кез келген ақпаратты беру тәртібін белгілейді.

2 2-тарау. Ірі қатысушылары банктер болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей және жанама қатысуы жөнінде банктердің ақпарат беру тәртібі

2 2. Банк уәкілетті органның, Ұлттық Банктің сұратуы бойынша барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды қоса бере отырып, ірі қатысушылары банктер болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей және жанама қатысуы жөнінде кез келген ақпаратты ұсынады.

3

3. Банк уәкілетті органның, Ұлттық Банктің ірі қатысушылары банктер болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей және жанама қатысуы жөнінде ақпарат ұсыну туралы сұратуын «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында белгіленген мерзімде қарайды.

4 4. Банк Қағидалардың 3-тармағына сәйкес сұратылатын ақпаратты уәкілетті органға, Ұлттық Банкке банктің бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қойған ілеспе хатпен жазбаша түрде ұсынады.

5 5. Ұсынылатын ақпараттың дәйектілігі мен толықтығын банктің бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға қамтамасыз етеді.

Қолданыстағы