Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Қаулы · № 281 · қабылданған 04.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-136718/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Қолданыста Қаулы ·№ 281 ·04.12.2019
04.12.2019 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Қолданыста Қаулы ·№ 281 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
281
Қабылданған күні
04.12.2019
Көрсетілген редакция
04.12.2019 136718_431127.kaz
Соңғы өзгеріс
04.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19CG006516
ЭКБ идентификаторы
136718
Редакция идентификаторы
136718_431127
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:30

0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, сәйкес, Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жер учаскесi арқылы жаяу немесе көлiкпен өту, су алу және суат, мал айдап өтуүшін, Қобда ауданының Жарсай ауылдық округі Ақсай ауылының аумағында орналасқан «Утепберген» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі жалпы алаңы 500 гектар жер учаскелерін алып қоймастан, 5 (бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Қобда ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін, Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы