Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об организации бесплатного питания для отдельных категорий воспитанников дошкольных организаций образования по Урджарскому району

Қаулы · № 471 · қабылданған 29.11.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-136758/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
Об организации бесплатного питания для отдельных категорий воспитанников дошкольных организаций образования по Урджарскому району Күшін жойған 16.05.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об организации бесплатного питания для отдельных категорий воспитанников дошкольных организаций образования по Урджарскому району

Күшін жойған Қаулы № 471 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации бесплатного питания для отдельных категорий воспитанников дошкольных организаций образования по Урджарскому району
Атауы (қаз.)
Үржар ауданы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттары үшін тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
471
Қабылданған күні
29.11.2019
Көрсетілген редакция
16.05.2023 136758_652133.kaz
Соңғы өзгеріс
16.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19VR006352
ЭКБ идентификаторы
136758
Редакция идентификаторы
136758_652133
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:35
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Үржар ауданы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттары үшін тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабының 4 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің келесі санаттарын тегін тамақтандыру ұйымдастырылсын:

1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

2) даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедек балаларға;

3) көп балалы отбасылардың балаларына;

4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға;

2. Тегін тамақтандыру мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне мынадай растайтын құжаттар ұсынған кезде ұйымдастырылады:

1) ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың еркін нысандағы жазбаша өтініші;

2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларында тәрбиеленетін балалар үшін қамқорлықты (қорғаншылықты) және патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтаманың көшірмесі;

3) мүгедек балалар үшін мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі;

4) көп балалы отбасылардың балалары үшін туу туралы куәлігінің көшірмесі;

5) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін өтініш берушінің (отбасының) «Үржар ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама;

6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін алынған табысы туралы анықтама (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түсетін кірісі, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі кірістер). Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыдан шыққан балалар үшін мемлекеттік мекетепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиелену кезеңінде тегін тамақтану құқығы жыл сайын осы қаулының 2 тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес құжаттарды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ұсыну арқылы расталуы тиіс.
Ауданның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тегін тамақтандыруды ұйымдастыруды қаржыландыру шығындары, тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.

3. «Үржар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Үржар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Үржар ауданы әкімінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары

А. Сарбаеваға жүктелсін.

5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.