Об утверждении Перечня топографо-геодезических и картографических работ, выполняемых за счет средств республиканского бюджета
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня топографо-геодезических и картографических работ, выполняемых за счет средств республиканского бюджета
- Атауы (қаз.)
- Республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1273
- Қабылданған күні
- 30.11.2002
- Көрсетілген редакция
- 16.07.2015 AI13682_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P020001273_
- ЭКБ идентификаторы
- 13682
- Редакция идентификаторы
- AI13682_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:41
0 Республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың тізбесін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
"Геодезия және картография туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1 1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың тізбесі бекітілсін.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
3 Республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың Тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 30 қарашадағы
N 1273 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың Тізбесі
1 1. Жердің пішінін, мөлшері мен сыртқы гравитациялық өрісін анықтау.
2 2. Жерді дистанциялық зондтау және геодинамикалық зерттеу.
3 3. Тығыздығы мен дәлдігі мемлекеттік топографиялық карталар мен жоспарлар жасауды қамтамасыз ететін барлық кластағы мемлекеттік астрономиялық-геодезиялық, жерсеріктік геодезиялық және нивелирлік желілерді, іргелі және бірінші класты гравиметриялық желіні жасау, дамыту, зерттеу, қалпына келтіру.
4
4. Дәлдігі мен мазмұны жалпы мемлекеттік, қорғаныс, ғылыми-зерттеу міндеттері мен өзге де міндеттердің шешімін қамтамасыз ететін мемлекеттік топографиялық карталар мен жоспарларды, оның ішінде қалалардың және елді мекендердің жоспарларын графикалық, цифрлық, фотографиялық электрондық және өзге де нысандарда жасау, жаңарту және басып шығару.