Құжат мәтініне өту

Об организации бесплатного питания отдельных категорий воспитанников дошкольных организаций образования по Курчумскому району

Қаулы · № 405 · қабылданған 03.12.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-136824/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об организации бесплатного питания отдельных категорий воспитанников дошкольных организаций образования по Курчумскому району Күшін жойған Қаулы ·№ 405 ·03.12.2019
23.02.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации бесплатного питания отдельных категорий воспитанников дошкольных организаций образования по Курчумскому району

Күшін жойған Қаулы ·№ 405 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации бесплатного питания отдельных категорий воспитанников дошкольных организаций образования по Курчумскому району
Атауы (қаз.)
Күршім ауданы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
405
Қабылданған күні
03.12.2019
Көрсетілген редакция
23.02.2021 136824_512371.kaz
Соңғы өзгеріс
23.02.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19VN006360
ЭКБ идентификаторы
136824
Редакция идентификаторы
136824_512371
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:33

0 Күршім ауданы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары

тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды
ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодекстің 56-бабының 1-тармағының 3) тармақшысына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабының 4-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің келесі санаттарын тегін тамақтандыру ұйымдастырылсын:

1 1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

2 2) даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедек балаларға;

3 3) көп балалы отбасылардың балаларына;

4 4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға.

2 2. Тегін тамақтандыру мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне мынадай растайтын құжаттарды ұсынған кезде ұйымдастырылады:

1 1) ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың еркін нысандағы жазбаша өтініші;

2 2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін қамқорлықты (қорғаншылықты) және патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтаманың көшірмесі;

3 3) мүгедек балалар үшін мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі;

4 4) көп балалы отбасылардың балалары үшін туу туралы куәлігінің көшірмесі;

5

5) (мемлекеттік) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін өтініш берушінің (отбасының) «Күршім ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама;

6

6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін алынған табысы туралы анықтама (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түсетін кірісі, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі кірістер). Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиелену кезеңінде тегін тамақтану құқығы жыл сайын осы қаулының 2 тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес құжаттарды мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ұсыну арқылы расталуы тиіс.
Ауданның мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тегін тамақтандыруды ұйымдастыруды қаржыландыру шығындары тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.

3 3. «Күршім ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Күршім ауданы аумағында  таратылатын   мерзімді  баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

3 3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Күршім ауданы әкімінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.З. Әзімбаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 2019 жылғы 1 тамыздан бастап баратын тәрбиеленушілерге қолданылады.

Қолданыстағы