Об установлении предельного значения вознаграждения по договору о предоставлении микрокредита
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении предельного значения вознаграждения по договору о предоставлении микрокредита
- Атауы (қаз.)
- Микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәнін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 209
- Қабылданған күні
- 26.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2024 136849_719412.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019715
- ЭКБ идентификаторы
- 136849
- Редакция идентификаторы
- 136849_719412
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:40
0 Микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәнін белгілеу туралы
«Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жеке тұлғамен жасалған күнтізбелік қырық бес күнге дейінгі кезеңге кепілсіз микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәні:
күніне 1 (бір) пайыздан кем, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің отыз еселенген мөлшерінен аспайтын берілген микрокредит сомасының 20 (жиырма) пайызынан аспайтын мөлшерде;
күніне 1 (бір) пайыздан кем, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің отыз еселенген мөлшеріне тең немесе одан асатын берілген микрокредит сомасының 15 (он бес) пайызынан аспайтын мөлшерде белгіленсін.
Жеке тұлғамен жасалған, мүлік кепілімен қамтамасыз етілген микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәні күніне 0,8 (нөл бүтін оннан сегіз) пайыздан аспайтын, бірақ күнтізбелік қырық бес күнге дейінгі кезеңге берілген микрокредит сомасының 20 (жиырма) пайызынан аспайтын мөлшерде белгіленсін.
Шарттың қолданыс мерзімі күнтізбелік қырық бес күннен асатын мерзімге ұлғайған кезде жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәні күніне 0,4 (нөл бүтін оннан төрт) пайыздан аспайтын мөлшерде белгіленсін.
2 2. Осы қаулының 1-тармағында белгіленген сыйақының шекті мәні «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 3-1-тармағында көзделген микрокредит беру туралы шарттарға қолданылады.
3 3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және
4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.