Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута Костанайскому производственному филиалу акционерного общества «КазТрансГаз Аймак»

Қаулы · № 523 · қабылданған 10.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-136904/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Костанайскому производственному филиалу акционерного общества «КазТрансГаз Аймак» Қолданыста Қаулы ·№ 523 ·10.12.2019
10.12.2019 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута Костанайскому производственному филиалу акционерного общества «КазТрансГаз Аймак»

Қолданыста Қаулы ·№ 523 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута Костанайскому производственному филиалу акционерного общества «КазТрансГаз Аймак»
Атауы (қаз.)
«ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Қостанай өндірістік филиалына қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
523
Қабылданған күні
10.12.2019
Көрсетілген редакция
10.12.2019 136904_431051.kaz
Соңғы өзгеріс
10.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19N0008818
ЭКБ идентификаторы
136904
Редакция идентификаторы
136904_431051
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:25

0 «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Қостанай өндірістік филиалына қауымдық сервитут белгілеу туралы

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Қостанай өндірістік филиалына «Тобыл кенті - Әулиекөл ауылы» жоғары қысымды магистральдық газ құбырының желілік бөлігін орналастыру және пайдалану мақсатында Әулиекөл ауданының аумағында орналасқан жалпы көлемі 188,83 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін

2

2. «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Қостанай өндірістік филиалына «Тобыл кенті - Әулиекөл ауылы» жоғары қысымды магистральдық газ құбырының желілік бөлігін орналастыру және пайдалану мақсатында Бейімбет Майлин ауданының аумағында орналасқан жалпы көлемі 178,98 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін

3 3. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы