Құжат мәтініне өту

О перечне должностей сотрудников оперативно-розыскных, следственных, строевых подразделений органов финансовой полиции Республики Казахстан, имеющих право на денежную компенсацию для оплаты расходов на содержание жилища и коммунальных услуг

Қаулы · № 1275 · қабылданған 30.11.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-13692/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О перечне должностей сотрудников оперативно-розыскных, следственных, строевых подразделений органов финансовой полиции Республики Казахстан, имеющих право на денежную компенсацию для оплаты расходов на содержание жилища и коммунальных услуг Күшін жойған Қаулы ·№ 1275 ·30.11.2002
31.07.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О перечне должностей сотрудников оперативно-розыскных, следственных, строевых подразделений органов финансовой полиции Республики Казахстан, имеющих право на денежную компенсацию для оплаты расходов на содержание жилища и коммунальных услуг

Күшін жойған Қаулы ·№ 1275 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О перечне должностей сотрудников оперативно-розыскных, следственных, строевых подразделений органов финансовой полиции Республики Казахстан, имеющих право на денежную компенсацию для оплаты расходов на содержание жилища и коммунальных услуг
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының жедел iздестiру, тергеу, саптық бөлiмшелерiнiң тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтер шығыстарын төлеу үшiн ақшалай өтемақыға құқығы бар қызметкерлерi лауазымдарының тiзбесi туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1275
Қабылданған күні
30.11.2002
Көрсетілген редакция
31.07.2014 AI13692_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P020001275_
ЭКБ идентификаторы
13692
Редакция идентификаторы
AI13692_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:41

0 Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының жедел iздестiру, тергеу, саптық бөлiмшелерiнiң тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтер шығыстарын төлеу үшiн ақшалай өтемақыға құқығы бар қызметкерлерi лауазымдарының тiзбесi туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.07.2014 № 854 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" 2002 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңы 22-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының жедел iздестiру, тергеу, саптық бөлiмшелерiнiң тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтер шығыстарын төлеу үшiн ақшалай өтемақыға құқығы бар қызметкерлерi лауазымдарының тiзбесi бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

3 Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының жедел iздестiру, тергеу, саптық бөлімшелерінің тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтер шығыстарын төлеу үшiн ақшалай өтемақыға құқығы бар қызметкерлерi лауазымдарының тiзбесi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 30 қарашадағы
N 1275 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының жедел iздестiру, тергеу, саптық бөлімшелерінің тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтер шығыстарын төлеу үшiн ақшалай өтемақыға құқығы бар қызметкерлерi лауазымдарының тiзбесi
Қаржы полициясы органдарының жедел iздестiру, тергеу, саптық бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi:

1 1. Орталық атқарушы орган.

Төрағаның орынбасарлары, департаменттер бастықтары мен олардың орынбасарлары, басқармалар (жеке, департаменттер құрамындағы) бастықтары мен олардың орынбасарлары, бөлiм, бөлiмшелер (департамент, басқарма құрамындағы) бастықтары мен олардың орынбасарлары, аса маңызды iстер жөнiндегi аға инспекторлар, аса маңызды iстер жөнiндегi аға тергеушiлер, аса маңызды iстер жөнiндегi аға инспекторлар - жедел кезекшiлер, аға инспекторлар, аға тергеушiлер, аға инспекторлар - жедел кезекшiлер көмекшiлерi, жүргiзушi қызметкерлер.

2 2. Аумақтық органдар.

Департаменттер бастықтары мен олардың жедел жұмыс, тергеу жұмысы, кадр және қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi орынбасарлары, басқармалар бастықтары мен олардың орынбасарлары, бөлiмдер (жеке, басқармалар құрамындағы) бастықтары мен олардың орынбасарлары, бөлiмшелер (жеке, бөлiмдер құрамындағы) бастықтары, аса маңызды iстер жөнiндегi аға тергеушiлер, аса маңызды iстер жөнiндегi аға инспекторлар, анықтау аса маңызды iстер жөнiндегi аға инспекторлары, аса маңызды iстер жөнiндегi аға инспектор - департамент бастығының режим жөнiндегi көмекшiсi, арттехқару аса маңызды iстер жөнiндегi аға инспекторлары, аға тергеушiлер, аға инспекторлар, аға инспекторлар - жедел кезекшiлер, арттехқару аға инспекторлары, анықтау аға инспекторлары, тергеушiлер, инспекторлар, анықтау инспекторлары, инспекторлар - жедел кезекшiлер көмекшiлерi, кiшi инспекторлар мен жүргiзушi қызметкерлер.
Қаржылық қылмыстарды анықтау жөнiндегi аймақаралық басқармалар бастықтары мен олардың орынбасарлары, аймақтар бойынша қаржы полициясы басқармаларының бастықтары мен олардың жедел және тергеу жұмысы жөнiндегi орынбасарлары, ауданаралық қаржы полициясы басқармалары мен бөлiмдерiнiң бастықтары және олардың орынбасарлары, қалалар мен аудандар бойынша қаржы полициясы бөлiмдерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары, аса маңызды iстер жөнiндегi аға тергеушiлер, аса маңызды iстер жөнiндегi аға инспекторлар, анықтау аса маңызды iстер жөнiндегi аға инспекторлары, аға тергеушiлер, аға инспекторлар, аға инспекторлар - жедел кезекшiлер, анықтау аға инспекторлары, тергеушiлер, инспекторлар, анықтау инспекторлары, инспекторлар - жедел кезекшiлер көмекшiлерi, кiшi инспекторлар мен жүргiзушi қызметкерлер.

3 3. Мамандандырылған органдар.

Департаменттер бастықтары мен олардың жедел жұмыс, тергеу, кадр және қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi орынбасарлары, басқармалар бастықтары мен олардың орынбасарлары, бөлiмдер (жеке, басқармалар құрамындағы) бастықтары мен олардың орынбасарлары, бөлiмшелер (жеке, бөлiмдер құрамындағы) бастықтары, аймақаралық басқармалар бастықтары мен олардың орынбасарлары, аймақаралық және ауданаралық бөлiмдер бастықтары мен олардың орынбасарлары, аса маңызды iстер жөнiндегi аға тергеушiлер, аса маңызды iстер жөнiндегi аға инспекторлар, анықтау аса маңызды істер жөнiндегi аға инспекторлары, аса маңызды iстер жөнiндегi аға инспекторлар - департамент бастығының режим жөнiндегi көмекшiлерi, аға тергеушiлер, аға инспекторлар, аға инспекторлар - жедел кезекшiлер, анықтау аға инспекторлары, тергеушiлер, инспекторлар, анықтау инспекторлары, инспекторлар - жедел кезекшiлер көмекшiлерi, кiшi инспекторлар мен жүргiзушi қызметкерлер.

Қолданыстағы