Құжат мәтініне өту

О снятии ограничительных мероприятий на территории микрорайон Катын копир, Абайского района города Шымкент

Қаулы · № 962 · қабылданған 11.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-136954/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О снятии ограничительных мероприятий на территории микрорайон Катын копир, Абайского района города Шымкент Қолданыста Қаулы ·№ 962 ·11.12.2019
11.12.2019 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии ограничительных мероприятий на территории микрорайон Катын копир, Абайского района города Шымкент

Қолданыста Қаулы ·№ 962 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии ограничительных мероприятий на территории микрорайон Катын копир, Абайского района города Шымкент
Атауы (қаз.)
Шымкент қаласы, Абай ауданы, Қатын көпір шағын ауданы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
962
Қабылданған күні
11.12.2019
Көрсетілген редакция
11.12.2019 136954_431856.kaz
Соңғы өзгеріс
11.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19E0000074
ЭКБ идентификаторы
136954
Редакция идентификаторы
136954_431856
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:23

0 Шымкент қаласы, Абай ауданы, Қатын көпір шағын ауданы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 1-1 тармағы 3) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының 2019 жылғы 12 қарашадағы №03-12/783 ұсынысы негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Шымкент қаласы, Абай ауданы, Қатын көпір шағын ауданында құтыру ауруының ошағы анықталуына байланысты қойылған шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

2

2. Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі №694 «Шымкент қаласы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №58 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 12 қыркүйекте электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

3 3) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Пармановқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы