Құжат мәтініне өту

О присвоении наименований улицам

Өзге акт · № 110 · қабылданған 13.11.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-137088/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О присвоении наименований улицам Қолданыста Өзге акт ·№ 110 ·13.11.2019
13.11.2019 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О присвоении наименований улицам

Қолданыста Өзге акт ·№ 110 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О присвоении наименований улицам
Атауы (қаз.)
Көшелерге атау беру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
110
Қабылданған күні
13.11.2019
Көрсетілген редакция
13.11.2019 137088_432016.kaz
Соңғы өзгеріс
13.11.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19UPJ05290
ЭКБ идентификаторы
137088
Редакция идентификаторы
137088_432016
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:52

0 Көшелерге атау беру туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Оңтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 14 сәуір және 27 қыркүйектегі қорытындылары негізінде, Жетісай ауданының Ш.Ділдабеков ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Жетісай ауданының Ш.Ділдабеков ауылдық округіндегі көшелерге келесі атаулар берілсін:

1 1) Алпамыс ауылындағы Жаңа құрылыс №2 көшеге-Айрықша атауы;

2 2) Байдала ауылындағы Жаңа құрылыс №1 көшеге-Ақсұңқар атауы;

3 3) Күрішті ауылындағы Жаңа құрылыс №1 көшеге-Көктөбе атауы;

4 4) Жамбыл ауылындағы Жаңа құрылыс №1 көшеге-Мәдениет атауы;

5 5) Жамбыл ауылындағы Жаңа құрылыс №2 көшеге-Тәуелсіздік атауы;

6 6) Жамбыл ауылындағы Жаңа құрылыс №3 көшеге-Қыран атауы;

7 7) Зерделі ауылындағы Жаңа құрылыс №1 көшеге-Ақ алтын атауы;

8 8) Зерделі ауылындағы Жаңа құрылыс №2 көшеге-Асар атауы;

9 9) Зерделі ауылындағы Жаңа құрылыс №3 көшеге-Жағажай атауы;.

10 10) Зерделі ауылындағы Жаңа құрылыс №4 көшеге-Шынар атауы;

11 11) Жаңадала ауылындағы Жаңа құрылыс №1 көшеге-Саяжай атауы.

2 2. Жетісай ауданының «Ш.Ділдабеков ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің
эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

3 3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жетісай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдануын;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау ауылдық округі әкімінің орынбасары Е.Жамбуловқа жүктелсін.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы