Құжат мәтініне өту

Об изменениях в административно-территориальном устройстве Костанайской области

Қаулы · № 5 · қабылданған 18.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-137114/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об изменениях в административно-территориальном устройстве Костанайской области Қолданыста Қаулы ·№ 5 ·18.12.2019
18.12.2019 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об изменениях в административно-территориальном устройстве Костанайской области

Қолданыста Қаулы ·№ 5 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об изменениях в административно-территориальном устройстве Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
5
Қабылданған күні
18.12.2019
Көрсетілген редакция
18.12.2019 137114_432292.kaz
Соңғы өзгеріс
18.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19N0008826
ЭКБ идентификаторы
137114
Редакция идентификаторы
137114_432292
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:17

0 Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мыналар:

Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің Красносельское ауылы Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округінің Чернышевка ауылының құрамына;
Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің Жарқайың ауылы Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің Ұзынағаш ауылының құрамына;
Ұзынкөл ауданы Бауман ауылдық округінің Королевка ауылы Ұзынкөл ауданы Бауман ауылдық округінің Бауман ауылының құрамына;
Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің Вершковое ауылы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің Павловка ауылының құрамына;
Ұзынкөл ауданы Пресногорьков ауылдық округінің Октябрьское ауылы Ұзынкөл ауданы Пресногорьков ауылдық округінің Крутоярка ауылының құрамына;
Ұзынкөл ауданы Пресногорьков ауылдық округінің Гренадерка ауылы Ұзынкөл ауданы Пресногорьков ауылдық округінің Волна ауылының құрамына;
Ұзынкөл ауданы Сатай ауылдық округінің Қазан ауылы Ұзынкөл ауданы Сатай ауылдық округінің Сатай ауылының құрамына;
Ұзынкөл ауданы Сатай ауылдық округінің Пилкино ауылы Ұзынкөл ауданы Сатай ауылдық округінің Сатай ауылының құрамына;
Ұзынкөл ауданы Петропавл ауылдық округінің Комендантское ауылы Ұзынкөл ауданы Петропавл ауылдық округінің Белоглинка ауылының құрамына;
Қарабалық ауданы Смирнов ауылдық округінің Приозерный ауылы Қарабалық ауданы Смирнов ауылдық округінің Смирнов ауылының құрамына;
Қарабалық ауданы Новотроицк ауылдық округінің Қайрақ ауылы Қарабалық ауданы Новотроицк ауылдық округінің Подгород ауылының құрамына;
Қарабалық ауданы Станционный ауылдық округінің Дальний ауылы Қарабалық ауданы Станционный ауылдық округінің Станционный ауылының құрамына;
Қарабалық ауданы Победа ауылдық округінің Жамбыл ауылы Қарабалық ауданы Новотроицк ауылдық округінің Мағнай ауылының құрамына;
Қарабалық ауданы Победа ауылдық округінің Мағнай ауылы Қарабалық ауданы Новотроицк ауылдық округінің Мағнай ауылының құрамына;
Денисов ауданы Красноармейск ауылдық округінің Тавриченка ауылы Денисов ауданы Красноармейск ауылдық округінің Красноармейское ауылының құрамына;
Қамысты ауданы Алтынсарин ауылдық округінің Свободное ауылы Қамысты ауданы Алтынсарин ауылдық округінің Алтынсарин ауылының құрамына;
Қамысты ауданы Жайылма ауылдық округінің Сахаровка ауылы Қамысты ауданы Жайылма ауылдық округінің Жайылма ауылының құрамына;
Денисов ауданы Әйет ауылдық округінің Ақсу ауылы Денисов ауданы Әйет ауылдық округінің Әйет ауылының құрамына;
Денисов ауданы Заәйет ауылдық округінің Қараоба ауылы Денисов ауданы Заәйет ауылдық округінің Заәйет ауылының құрамына;
Сарыкөл ауданы Златоуст ауылдық округінің Күнтимес ауылы Сарыкөл ауданы Златоуст ауылдық округінің Златоуст ауылының құрамына;
Сарыкөл ауданы Барвинов ауылдық округінің Новобарвиновка ауылы Сарыкөл ауданы Барвинов ауылдық округінің Барвиновка ауылының құрамына;
Сарыкөл ауданы Ленинград ауылдық округінің Қарашілік ауылы Сарыкөл ауданы Ленинград ауылдық округінің Вишневка ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.

2 2. Мыналар:

Ұзынкөл ауданының Бауман ауылдық округі Ұзынкөл ауданының Бауман ауылы болып;
Ұзынкөл ауданының Сатай ауылдық округі Ұзынкөл ауданының Сатай ауылы болып;
Ұзынкөл ауданының Киев ауылдық округі Ұзынкөл ауданының Миролюбовка ауылы және Абай ауылы болып;
Қарабалық ауданының Победа ауылдық округі Қарабалық ауданының Победа ауылы болып;
Қарабалық ауданының Қарабалық ауылдық округі Қарабалық ауданының Қособа ауылы және Қарашакөл ауылы болып;
Қарабалық ауданының Славен ауылдық округі Қарабалық ауданының Славен ауылы және Октябрь ауылы болып;
Қарабалық ауданының Қостанай ауылдық округі Қарабалық ауданының Гурьянов ауылы, Надеждин ауылы, Сарыкөл ауылы, Целинный ауылы, Ворошилов ауылы, Елшан ауылы, Котлован ауылы және Верен ауылы болып;
Федоров ауданының Шандақ ауылдық округі Федоров ауданының Мирный ауылы, Дорожный ауылы және Крамской ауылы болып;
Алтынсарин ауданының Докучаев ауылдық округі Алтынсарин ауданының Докучаевка ауылы және Шоқай ауылы болып;
Алтынсарин ауданының Приозерный ауылдық округі Алтынсарин ауданының Приозерный ауылы және Көбек ауылы болып;
Жітіқара ауданының Тимирязев ауылдық округі Жітіқара ауданының Тимирязев ауылы және Волгоград ауылы болып;
Амангелді ауданының Қарынсалды ауылдық округі Амангелді ауданының Қарынсалды ауылы және Горняк ауылы болып;
Қамысты ауданының Алтынсарин ауылдық округі Қамысты ауданының Алтынсарин ауылы болып;
Қамысты ауданының Жайылма ауылдық округі Қамысты ауданының Жайылма ауылы және Пушкин ауылы болып;
Ұзынкөл ауданының Петропавл ауылдық округі Ұзынкөл ауданының Белоглинка ауылы және Красный Борок ауылы болып;
Ұзынкөл ауданының Карл Маркс ауылдық округі Ұзынкөл ауданының Сокол ауылы және Сибирка ауылы болып;
Меңдіқара ауданының Борков ауылдық округі Меңдіқара ауданының Борки ауылы және Татьяновка ауылы болып;
Меңдіқара ауданының Каменскорал ауылдық округі Меңдіқара ауданының Каменскуральское ауылы және Ақсуат ауылы болып;
Денисов ауданының Заәйет ауылдық округі Денисов ауданының Заәйет ауылы болып;
Сарыкөл ауданының Барвинов ауылдық округі Сарыкөл ауданының Барвиновка ауылы болып;
Сарыкөл ауданының Златоуст ауылдық округі Сарыкөл ауданының Златоуст ауылы болып;
Сарыкөл ауданының Ленинград ауылдық округі Сарыкөл ауданының Вишневка ауылы және Ленинград ауылы болып;
Сарыкөл ауданының Краснознамен ауылдық округі Сарыкөл ауданының Новое ауылы және Қараоба ауылы болып қайта құрылсын.

3 3. Мыналардың:

Ұзынкөл ауданының Ершов ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып, Миролюбовка ауылының және Абай ауылының;
Федоров ауданының Камышин ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып, Мирный ауылының, Дорожный ауылының және Крамской ауылының;
Алтынсарин ауданының Ілияс Омаров атындағы ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып, Докучаевка ауылының және Шоқай ауылының;
Алтынсарин ауданының Большая Чураковка ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып, Приозерный ауылының және Көбек ауылының;
Жітіқара ауданының Большевик ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып, Шевченковка ауылының;
Қамысты ауданының Қамысты ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып, Ливановка ауылының және Фрунзе ауылының;
Ұзынкөл ауданының Новопокров ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып, Варваровка ауылының;
Ұзынкөл ауданының Пресногорьков ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып, Белоглинка ауылының және Красный Борок ауылының;
Ұзынкөл ауданының Федоров ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып, Сокол ауылының және Сибирка ауылының;
Қостанай ауданының Александров ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып, И.Ф. Павлов атындағы ауылдың;
Қостанай ауданының Айсары ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып, Половниковка ауылының;
Меңдіқара ауданының Михайлов ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып, Борки ауылының және Татьяновка ауылының;
Меңдіқара ауданының Соснов ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып, Каменскуральское ауылының және Ақсуат ауылының;
Денисов ауданының Әйет ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып, Заәйет ауылының;
Денисов ауданының Аршалы ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып, Комаров ауылының;
Сарыкөл ауданының Севастополь ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып, Вишневка ауылының және Ленинград ауылының;
Сарыкөл ауданының Сорочин ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып, Новое ауылының және Қараоба ауылының;
Бейімбет Майлин ауданының Тобыл кентінің құрамына енгізіле отырып, Приозерное ауылының;
Бейімбет Майлин ауданының Калинин ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып, Юбилейный ауылының бағыныстылығы өзгертілсін.

4 4. Мыналар:

құрамында Ашутасты ауылы және Аққошқар ауылы бар Арқалық қаласының Ашутасты ауылдық округі;
құрамында Молодежный ауылы және Матросов ауылы бар Арқалық қаласының Молодежный ауылдық округі;
құрамында Родина ауылы және Мирный ауылы бар Арқалық қаласының Родина ауылдық округі;
құрамында Речное ауылы және Ряжское ауылы бар Ұзынкөл ауданының Ряжск ауылдық округі;
құрамында Славен ауылы, Октябрь ауылы, Қособа ауылы және Қарашакөл ауылы бар Қарабалық ауданының Қособа ауылдық округі;
құрамында Тоғызақ ауылы, Гурьянов ауылы, Надеждин ауылы, Сарыкөл ауылы, Целинный ауылы, Ворошилов ауылы, Елшан ауылы, Котлован ауылы және Верен ауылы бар Қарабалық ауданының Тоғызақ ауылдық округі;
құрамында Мүктікөл ауылы, Тимирязев ауылы және Волгоград ауылы бар Жітіқара ауданының Мүктікөл ауылдық округі;
құрамында Тасты ауылы, Қарынсалды ауылы және Горняк ауылы бар Амангелді ауданының Тасты ауылдық округі;
құрамында Аралкөл ауылы және Орқаш ауылы бар Қамысты ауданының Аралкөл ауылдық округі;
құрамында Клочков ауылы және Талдыкөл ауылы бар Қамысты ауданының Клочков ауылдық округі;
құрамында Адаевка ауылы, Жайылма ауылы және Пушкин ауылы бар Қамысты ауданының Адаевка ауылдық округі құрылсын.

5 5. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы