Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Баянаульского района

Қаулы · № 415/12 · қабылданған 10.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-137117/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Баянаульского района Қолданыста Қаулы ·№ 415/12 ·10.12.2019
10.12.2019 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Баянаульского района

Қолданыста Қаулы ·№ 415/12 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Баянаульского района
Атауы (қаз.)
Баянауыл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
415/12
Қабылданған күні
10.12.2019
Көрсетілген редакция
10.12.2019 137117_432248.kaz
Соңғы өзгеріс
10.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19PE006666
ЭКБ идентификаторы
137117
Редакция идентификаторы
137117_432248
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:26

0 Баянауыл ауданы әкімдігінің кейбір

қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Баянауыл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары С.Ж. Жұмашевке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Баянауыл ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

Баянауыл ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «10» желтоқсандағы
№ 415/12 қаулысына
қосымша
Баянауыл ауданы әкімдігінің күші
жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

1

1. Баянауыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы» № 29/01 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4955 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2

2. Баянауыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 01 тамыздағы «Баянауыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы» № 29/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 235/08 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5219 болып тіркелген, 2016 жылғы 01 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

3

3. Баянауыл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 03 ақпандағы «Баянауыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы» № 29/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 18/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5373 болып тіркелген, 2017 жылғы 09 ақпанда «Баянтау» аудандық газетінде жарияланған);

4

4. Баянауыл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 01 қазандағы «Баянауыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы» № 29/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 268/10 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6097 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Қолданыстағы