О льготном проезде многодетных матерей города Талдыкорган на общественном пассажирском транспорте (кроме такси)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О льготном проезде многодетных матерей города Талдыкорган на общественном пассажирском транспорте (кроме такси)
- Атауы (қаз.)
- Талдықорған қаласының көп балалы аналарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 337
- Қабылданған күні
- 05.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 05.12.2019 137134_434013.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19DA005327
- ЭКБ идентификаторы
- 137134
- Редакция идентификаторы
- 137134_434013
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:30
0 Талдықорған қаласының көп
балалы аналарының қоғамдық
жолаушылар көлігінде (таксиден басқа)
жеңілдікпен жол жүруі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Талдықорған қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жеңілдік құқығын растайтын құжаты болған кезде қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру Талдықорған қаласының келесі санаттағы азаматтарына белгіленсін:
- «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар;
- «Күміс алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар;
- «Батыр ана» атағын бұрын алған көп балалы аналар;
- I және II деңгейлі «Ана даңқы» орденімен наградталған көп балалы аналар;
- бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көп балалы аналарға.