Об упразднении некоторых населенных пунктов Жамбылской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об упразднении некоторых населенных пунктов Жамбылской области
- Атауы (қаз.)
- Жамбыл облысының кейбір елді мекендерін тарату туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 285
- Қабылданған күні
- 12.12.2019
- Қолданысқа енгізілген күні
- 31.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 15.06.2020 137168_467075.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19G0004448
- ЭКБ идентификаторы
- 137168
- Редакция идентификаторы
- 137168_467075
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:21
0 Жамбыл облысының
кейбір елді мекендерін тарату туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Тұрар Рысқұлов, Сарысу және Шу аудандарының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Халқының саны елу адамнан аспайтын жекелеген ауылдық округтердің ауылдары, олардың халқы мен аумақтары жақын маңдағы елді мекеннің құрамына енгізіліп, таратылсын.
1 1) Тұрар Рысқұлов ауданы бойынша:
Ақбұлақ ауылдық округінің 98 разъезд ауылы Ақбұлақ ауылдық округінің Р.Сабденов ауылының құрамына;
2 2) Сарысу ауданы бойынша:
Байқадам ауылдық округінің Жарқұдық ауылы Жаңаталап ауылдық округінің Жаңаталап ауылының құрамына;
Игілік ауылдық округінің Талас ауылы Игілік ауылдық округінің Өндіріс ауылының құрамына;
3 3) Шу ауданы бойынша:
Дулат ауылдық округінің Ақтасты ауылы Дулат ауылдық округінің Бөлтірік ауылының құрамына.