Об установлении ограничительных мероприятий на территории крестьянского хозяйства «Жарық» расположенного на точке Жарык Аккемирского сельского округа Мугалжарского района
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 58
·
14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий на территории крестьянского хозяйства «Жарық» расположенного на точке Жарык Аккемирского сельского округа Мугалжарского района
- Атауы (қаз.)
- Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округінің Жарық нүктесіндегі «Жарық» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 58
- Қабылданған күні
- 13.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 16.09.2020 137181_482012.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19CID06562
- ЭКБ идентификаторы
- 137181
- Редакция идентификаторы
- 137181_482012
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:20
0 Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округінің Жарық нүктесіндегі «Жарық» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекция басшысының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 2-12-4/218 ұсынысы негізінде, Ақкемер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округінің Жарық нүктесінде орналасқан «Жарық» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2 2. «Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.