Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Илийском районе

Қаулы · № 474 · қабылданған 13.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-137201/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Илийском районе Қолданыста Қаулы ·№ 474 ·13.12.2019
13.12.2019 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Илийском районе

Қолданыста Қаулы ·№ 474 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Илийском районе
Атауы (қаз.)
Іле ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
474
Қабылданған күні
13.12.2019
Көрсетілген редакция
13.12.2019 137201_432347.kaz
Соңғы өзгеріс
13.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19DJ005346
ЭКБ идентификаторы
137201
Редакция идентификаторы
137201_432347
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:18

0 Іле ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Іле ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Іле ауданы әкімінің орынбасары А. Сатибаевқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Б. Карасаев

4 Іле ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 13 желтоқсаны

№ 474 қаулысына қосымша
Іле ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

1 1) алғыс жариялау;

2 2) грамотамен марапаттау;

3 3) ақшалай сыйлықақы беру.

2 2. Іле ауданының Полиция басқармасының ұсынысы бойынша, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Іле ауданының әкімдігімен құрылған комиссиямен қаралады.

3 3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

4 4. Көтермелеу түрлері, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшері, көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескеріле отыра, әдетте 10 есе айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, комиссиямен белгіленеді.

5 5. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін комиссия қабылдайтын шешімге сәйкес, қосымша Іле ауданының Полиция басқармасы бастығының бұйрығы шығарылады.

Қолданыстағы