Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства отдельных категорий граждан города Сарани

Қаулы · № 53/03 · қабылданған 19.12.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-137212/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства отдельных категорий граждан города Сарани Күшін жойған Қаулы ·№ 53/03 ·19.12.2019
15.03.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства отдельных категорий граждан города Сарани

Күшін жойған Қаулы ·№ 53/03 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства отдельных категорий граждан города Сарани
Атауы (қаз.)
Саран қаласы азаматтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
53/03
Қабылданған күні
19.12.2019
Көрсетілген редакция
15.03.2021 137212_513719.kaz
Соңғы өзгеріс
15.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19KG005597
ЭКБ идентификаторы
137212
Редакция идентификаторы
137212_513719
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:16

0 Саран қаласы азаматтарының

жекелеген санаттарын жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс
орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық - атқару кодексінің 18 - бабы 1 - тармағының 2) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 - бабының 6), 7), 8) тармақшаларына, «Ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (нормативтік құкықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген), «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (нормативтік құкықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31,37 - баптарын басшылыққа ала отырып, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ұйымдық - құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, Саран қаласының кәсіпорындарында, ұйымдарында және мекемелерінде:

1 1) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде;

2 2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, сондай - ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін үшін осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес ұйым қызметкерлерінің тізімдік санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

2

2. «Саран қаласы азаматтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Саран қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 06/01 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5187 болып тіркелген, «Саран газеті» қалалық газетінде 2019 жылғы 20 ақпанда № 15 (1098), Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 20 ақпанда электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізбесі

Саран қаласы әкімдігінің
201__ жылғы _________
№ _________ қаулысына
1 – қосымша
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізбесі

Ұйым атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
Квота мөлшері (қызметкерлердің орташа тізімдік санынан %)
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының саны (адам)
1.
«Sunpaper» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
100
2
2
2.
«A.V. Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
63
2
1
Барлығы
3

1 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізбесі

Саран қаласы әкімдігінің
201__ жылғы _________
№ _________ қаулысына
2 – қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізбесі

Ұйым атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны, (адам)
Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санынан %)
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы саны (адам)
1.
«Евромет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
135
1
1
2.
«A.V. Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
63
1
1
3.
«СКЭП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
49
1
1
4.
«Сараньтеплосервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
64
1
1
5.
«Дедов» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
121
1
1
Барлығы
5

Қолданыстағы