Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібін және мөлшерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 47/259-VI
- Қабылданған күні
- 12.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 14.08.2024 137216_715798.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19UM005309
- ЭКБ идентификаторы
- 137216
- Редакция идентификаторы
- 137216_715798
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:22
0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібін және мөлшерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16 бабына сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі белгіленсін:
1
1) үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-анасының біреуіне және басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;
2 2) шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап «Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомство аралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;
3
3) шығындарды өтеу қаржыландырудың түсуіне байланысты өткен айға жүргізіледі. Шығындарды өтеу тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектер қатарындағы кемтар баланың 18 жасқа толуы, қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.