Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы
- Атауы (қаз.)
- Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 471
- Қабылданған күні
- 20.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 04.02.2021 137217_508003.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19UI005308
- ЭКБ идентификаторы
- 137217
- Редакция идентификаторы
- 137217_508003
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:14
0 Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулыға 1-қосымшаға;
2 2) ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2
2. Отырар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 қарашадағы №340 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4291 тіркелген, 2017 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Отырар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Әлішке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
10 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Отырар ауданы әкімдігінің
2019 жылғы ________
№___ қаулысына
1-қосымша
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру
тапсырысы
Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны (бюджеттік қаражаттар есебінен)
3258
11 Ата-ана төлемақысының мөлшері
Отырар ауданы әкімдігінің
2019 жылғы ________
№___ қаулысына
2-қосымша
Ата-ана төлемақысының мөлшері
Барлығы:
Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге (көп емес)
Күніне бір баланың шығыны,
3 жастан 7 жасқа дейін теңге
(көп емес)
331,06
398,78
Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.