Об утверждении натуральных норм снабжения портативными видеорегистраторами для фиксации действий работников органов государственных доходов Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении натуральных норм снабжения портативными видеорегистраторами для фиксации действий работников органов государственных доходов Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің әрекетін белгілеу үшін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1358
- Қабылданған күні
- 10.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 29.09.2021 137223_540309.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019747
- ЭКБ идентификаторы
- 137223
- Редакция идентификаторы
- 137223_540309
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:25
0 Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің әрекетін белгілеу үшін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің әрекетін белгілеу үшін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтаудың заттай нормалары бекітілсін.
2
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының кеден қызметінің қызметкерлерін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 16 наурыздағы № 171 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15057 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтын 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің әрекетін белгілеу үшін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтаудың заттай нормалары
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші
орынбасары – Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2019 жылғы 10
желтоқсандағы № 1358
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің әрекетін белгілеу үшін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтаудың заттай нормалары
р/с№
Заттай норманың атауы
Өлшем бірлігі
Қызметкерлерге саны
Қолдану саласы
Пайда лану уақыты
1
Портативтік бейнетіркеуіштер док-станциямен
жинақ
Өткізу пункттері/кеден бекеттері жұмыскерлерінің санына байланысты:
50 адамға дейін – 5 жинақ;
50-ден 100 адамға дейін – 10 жинақ;
100-ден 200 адамға дейін – 20 жинақ;
200-ден 300 адамға дейін – 30 жинақ;
300-ден 400 адамға дейін – 40 жинақ;
400 адамнан жоғары – 50 жинақ.
Кедендік тексеріп қарауды жүргізуге тартылған, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарада орналасқан автомобиль өткізу пункттерде тауарлардың өткізуін мониторингты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер орагандары қызметкерлерінің әрекеттерін тіркеу үшін
7 жыл
2
Дербес компьютер
жинақ
Әрбір облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 1 дербес компьютер
Бейнетіркеуіштерден аудио - және бейне файлдарды жүктеу және оларды сақтау үшін арналған дербес компьютер
7 жыл
Ескерту: Нақты уақыт режимінде портативтік бейнетіркеуіштерден деректерді беру үшін мобильді интернет қызметін сатып алу Қазақстан Республикасының аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының бюджет қаражаты есебінен қарастырылады.