Об определении системы мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельскую местность Актюбинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении системы мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельскую местность Актюбинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысының ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесiн айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 490
- Қабылданған күні
- 11.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 17.05.2021 137226_625904.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.05.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19C0006569
- ЭКБ идентификаторы
- 137226
- Редакция идентификаторы
- 137226_625904
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:24
0 Ақтөбе облысының ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесiн айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ақтөбе облысының ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесi айқындалсын:
ауылдық жерге жұмыс істеу үшін жіберілетін медицина және фармацевтика қызметкерлерінәлеуметтік қолдау 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде бір жолғы төлем түрінде белгілеу жолымен.
2 2. Ақтөбе облысының ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсетудiң тәртiбi мен мөлшері осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы
11 желтоқсанындағы № 490 шешіміне
қосымша
Ақтөбе облысының ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсету тәртiбi мен мөлшері
1 1. Негiзгi ұғымдар:
1 1) әлеуметтiк қолдау көрсету жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
2 2) жұмысберушi - медицина (фармацевтика) қызметкерiмен еңбек шартын жасасқан тиісті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымы;
3 3) ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкерлер) - кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын, ауылдық жерге уәкілетті орган жұмысқа жіберген жеке тұлғалар;
4 4) ауылдық жерге жұмысқа жіберілген фармацевтика қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкерлер) - жоғары фармацевтикалық білімі бар және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын, ауылдық жерге уәкілетті орган жұмысқа жіберген жеке тұлғалар.
2 2. Жұмыс берушiмен еңбек шарты жасалғаннан кейін 5 (бес) жылдан кем емес мерзімге ауылдық жерге жұмысқа жіберілген қызметкер әлеуметтiк көмек алу құқығына ие болады.
Осы бес жылдық мезгiлде қызметкердiң бала күтуге байланысты еңбек ақысы сақталмайтын демалыста болған уақыты, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақпен куәландырылған екi айдан аса еңбекке жарамсыздық кезеңi кiрмейдi.