Об определении системы мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельскую местность Актюбинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении системы мер социальной поддержки медицинских и фармацевтических работников, направленных для работы в сельскую местность Актюбинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысының ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесiн айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 490
- Қабылданған күні
- 11.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 17.05.2021 137226_625904.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.05.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19C0006569
- ЭКБ идентификаторы
- 137226
- Редакция идентификаторы
- 137226_625904
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:24
0 Ақтөбе облысының ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесiн айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе облысының ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесi айқындалсын:
ауылдық жерге жұмыс істеу үшін жіберілетін медицина және фармацевтика қызметкерлерінәлеуметтік қолдау 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде бір жолғы төлем түрінде белгілеу жолымен.
2. Ақтөбе облысының ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсетудiң тәртiбi мен мөлшері осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы
11 желтоқсанындағы № 490 шешіміне
қосымша
Ақтөбе облысының ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсету тәртiбi мен мөлшері
1. Негiзгi ұғымдар:
1) әлеуметтiк қолдау көрсету жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
2) жұмысберушi - медицина (фармацевтика) қызметкерiмен еңбек шартын жасасқан тиісті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымы;
3) ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкерлер) - кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын, ауылдық жерге уәкілетті орган жұмысқа жіберген жеке тұлғалар;
4) ауылдық жерге жұмысқа жіберілген фармацевтика қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкерлер) - жоғары фармацевтикалық білімі бар және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын, ауылдық жерге уәкілетті орган жұмысқа жіберген жеке тұлғалар.
2. Жұмыс берушiмен еңбек шарты жасалғаннан кейін 5 (бес) жылдан кем емес мерзімге ауылдық жерге жұмысқа жіберілген қызметкер әлеуметтiк көмек алу құқығына ие болады.
Осы бес жылдық мезгiлде қызметкердiң бала күтуге байланысты еңбек ақысы сақталмайтын демалыста болған уақыты, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақпен куәландырылған екi айдан аса еңбекке жарамсыздық кезеңi кiрмейдi.