Об изменениях в административно-территориальном устройстве Темирского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изменениях в административно-территориальном устройстве Темирского района
- Атауы (қаз.)
- Темір ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 477
- Қабылданған күні
- 11.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 11.12.2019 137227_432632.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19C0006571
- ЭКБ идентификаторы
- 137227
- Редакция идентификаторы
- 137227_432632
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:23
0 Темір ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы
өзгерістер туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабының 2), 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына және 27-бабының 2-тармағына сәйкес және Темір ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, Ақтөбе облысы әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Шұбарши ауылдық округі таратылсын.
2 2. Қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес,Саркөл ауылдық округінің шекаралары, оның құрамына жалпы көлемі 15248 гектар таратылатын Шұбарши ауылдық округінің аумағы, соның ішінде Шұбарши кентін қоса отырып өзгертілсін.
Жалпы көлемі 155791 гектар Саркөл ауылдық округінің шекаралары жалпы көлемі 15248 гектар Шұбарши кентіндегі әкімшілік орталығымен қоса белгіленсін.