Құжат мәтініне өту

О нормативах распределения чистого дохода государственных предприятий на праве хозяйственного ведения

Қаулы · № 1297 · қабылданған 10.12.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-13731/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О нормативах распределения чистого дохода государственных предприятий на праве хозяйственного ведения Күшін жойған Қаулы ·№ 1297 ·10.12.2002
02.05.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О нормативах распределения чистого дохода государственных предприятий на праве хозяйственного ведения

Күшін жойған Қаулы ·№ 1297 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О нормативах распределения чистого дохода государственных предприятий на праве хозяйственного ведения
Атауы (қаз.)
Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерi туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1297
Қабылданған күні
10.12.2002
Көрсетілген редакция
02.05.2013 AI13731_12.kaz
Соңғы өзгеріс
02.05.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P020001297_
ЭКБ идентификаторы
13731
Редакция идентификаторы
AI13731_12
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:40

0 Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерi туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.05.2013 N 448 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.08 N 315 қаулысымен.

1 1. Қоса берiлiп отырған Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерiн белгiлеу, келiсу және бекiту ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.

2 2. Мемлекеттiк органдарға шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерiн анықтау кезiнде республикалық бюджетке аударымдардың нормативтерiн осы қаулыға қосымшада көрсетiлгендерден төмен емес етiп белгiлеу ұсынылсын.

3 3. Мемлекеттiк басқару органдары шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты:

1 1) шаруашылық жүргiзу құқығындағы ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысының тиiстi бөлiгiн мемлекеттiк бюджетке толық және уақытылы аударуына тұрақты бақылау орнатсын;

2 2) еншiлес кәсiпорындар үшiн таза табысты бөлу нормативтерiн белгiлеу кезiнде ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындардың Ереженi сақтауын қамтамасыз етсiн.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

7 Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерiн белгiлеу, келiсу және бекiту ережесi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 10 желтоқсандағы
N 1297 қаулысымен
бекiтiлген
Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерiн белгiлеу, келiсу және бекiту ережесi
Осы Ереже "Қазақстан Республикасының Yкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңына , Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiне , "Мемлекеттiк кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрлендi және ұлттық компанияларға жатқызылғандарын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ведомстволық бағыныстыларын қоспағанда, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың (бұдан әрi - Кәсiпорындар) таза табысын бөлу нормативтерiн белгiлеу, келiсу және бекiту әрi таза табысының тиiстi бөлiгiн мемлекеттiк бюджетке аудару тәртiбiн айқындайды.
📌 Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.08. N 315 , 2010.12.31 N 1502 Қаулыларымен.

1 1. Таза табысты бөлу нормативтерiн белгiлеу тәртiбi

1 1. Кәсiпорындардың таза табысын бөлу нормативтерiнде (бұдан әрi - Бөлу нормативтерi) таза табыс сомасын тиiстi бюджеттiң кiрiсiне аударымға, резервтiк капиталды қалыптастыруға, өндiрiстi дамытуға және өзге де бағыттарға бөлудiң пайыздық ара қатынасы анықталады.

Бұл ретте:

1 1) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысының республикалық бюджетке аударымдарының нормативтерi (бұдан әрi - Бюджетке аударымдардың нормативтерi) Қазақстан Республикасының Үкiметi ұсынған аударымдардың ең төменгi мөлшерiн есепке ала отырып белгіленедi;

2 2) өндiрiстi дамытуға және материалдық-техникалық базаны нығайтуға Кәсiпорындар жiберетiн таза табыстың үлесi Кәсiпорындардың иелiгiнде қалатын таза табыс сомасының кемiнде 60 пайызын құрауы тиiс.

2 2. Кәсiпорындардың мемлекеттiк басқару органдары Бөлу нормативтерiн жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейiн бекiтедi.

Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар үшiн Республикалық бюджетке аударымдардың нормативтерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен (бұдан әрi - Министрлiк) келiсiм бойынша белгiленедi.
Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар үшiн Жергiлiктi бюджеттерге аударымдардың нормативтерi жергiлiктi қаржы органдарымен келiсiм бойынша белгiленедi.

3 3. Министрлiкте (жергiлiктi қаржы органдарында) Мемлекеттiк бюджетке аударымдардың нормативтерiн келiсу мерзiмi 10 жұмыс күнiнен аспауы тиiс.

Мемлекеттiк басқару органдары Бюджетке аударымдар нормативтерiнiң жобаларымен сонымен бiр мезгiлде Министрлiкке (жергiлiктi қаржы органдарына):

1 1) жоспарлы жылдың таза табысының нақты бөлiгiн өндiрiстi дамытуға пайдалану қажеттiлiгiнiң экономикалық негiздемесiн;

2

2) қоса берiлiп отырған нысан бойынша есептi жылғы тиiстi бюджетке Кәсiпорындар аударған таза табыстың мөлшерi мен сомасы туралы деректердi (есепті жыл үшін таза табыстың бір бөлігін аудару және аванстық аударымдар туралы төлем тапсырмаларының көшірмелерін қоса бере отырып) және алдағы үш жылдық кезеңге арналған таза табыстың мөлшерi туралы деректерді табыс етедi.
📌 Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.07.01 N 636, 2010.12.31 N 1502 Қаулыларымен.

4

4. Еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар үшiн Бөлу нормативтерiн негiзгi Кәсiпорын бекiтедi. Еншiлес кәсiпорындардың бюджетке аударымдарының нормативтерi негiзгi Кәсiпорындар үшiн белгiленгеннен төмен болмайды, ал еншiлес кәсiпорындар өндiрiстi дамытуға және материалдық-техникалық базаны нығайтуға жұмсайтын таза табыстың үлесi олардың иелiгiнде қалатын таза табыс сомасының кемiнде 60 пайызын құрауы тиiс.

5 5. Жаңадан құрылған Кәсiпорындар үшiн мемлекеттiк басқару органдары олар мемлекеттiк тiркелген күннен бастап бiр айлық мерзiмде осы Ережеде анықталған тәртiппен ағымдағы және алдағы жылдарға арналған Бөлу нормативтерiн бекiтуге мiндеттi.

5-1

5-1. Кәсiпорындардың мемлекеттiк бюджетке аударуға жататын таза табысының бiр бөлiгiн есептеу меншiк капиталының терiс мөлшерi кезiнде немесе егер Кәсiпорын меншiк капиталының мөлшері мемлекеттік бюджетке аударуға жататын таза табыстың бiр бөлiгiне жүргiзiлген есептеу нәтижесiнде терiс болса жүргiзiлмейдi.
📌 Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.08. N 315 қаулысымен.

2 2. Таза табыстың бiр бөлiгiн тиiстi бюджетке аудару тәртiбi

6

6. Кәсiпорындар Аударымдар нормативтерiне сәйкес корпоративтiк табыс салығы жөнiндегi декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiнгі он жұмыс күнiнен кешiктiрмей таза табыстың бiр бөлiгiн мемлекеттік бюджетке аударуды жүргiзедi. Есептеме есептi кезең үшiн кiрiстер мен шығыстар туралы есеп деректерiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
Кәсiпорындар мемлекеттiк бюджетке таза табыстың бiр бөлiгiн аванстық аударуды жүргiзе алады.
Бюджетке таза табыстың бiр бөлiгiн аванстық аударудың артық төленген сомалары есептi жылдың қорытындыларын ескере отырып, келесi қаржы жылының аударымдар шотына есептеледi.
📌 Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.08. N 315 қаулысымен.

7 7. Кәсiпорындар бiрыңғай бюджеттiк жiктемеге сәйкес тиiстi кодқа тiркеу есебiнiң орны бойынша мемлекеттiк бюджетке таза табыстың бiр бөлiгiн аударуды жүзеге асырады.

📌 Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.08. N 315 қаулысымен.

8

8. Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру кезiнде Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру күнiне есептелетiн мемлекеттiк бюджетке таза табыстың тиiстi бөлiгiн аудару жөнiндегi мiндеттемелер өткiзу актiсi (бөлу теңгерiмi) бойынша құқықтық мирасқорларына берiледi және құқықтық мирасқорларын мемлекеттiк тiркеген күнiнен бастап бiр айлық мерзiмде орындалуға тиiс.

9 9. Мемлекеттiк бюджетке таза табыстың тиiстi бөлiгiн толық және/немесе уақытылы аудармау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершiлiкке әкеп соқтырады.

📌 Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.08. N 315 қаулысымен.

10 10. Кәсiпорындардың таза табысы бiр бөлiгiнiң тиiстi бюджет кiрiсiне уақытылы және толық аударылуын бақылауды Министрлік, орталық атқарушы органдар және өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.

📌 Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.08 N 315 , 2010.12.31 N 1502 Қаулыларымен.

25 ______________________________________ ведомстволық бағынысты, (мемлекеттік басқару органының атауы) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың алынған таза табысы, мемлекеттік бюджетке аударылған сомалары туралы мәліметтер және таза табысының болжамы

Шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік кәсіпорындардың
таза табысын бөлу нормативтерін
белгілеу, келісу және бекіту
ережесіне қосымша
______________________________________ ведомстволық бағынысты, (мемлекеттік басқару органының атауы) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың алынған таза табысы, мемлекеттік бюджетке аударылған сомалары туралы мәліметтер және таза табысының болжамы
------------------------------------------------------------------
Р/с!Кәсіпорын.!                   Есепті жыл
N  !ның атауы !---------------------------------------------------
   !          !                    !   кәсіпорынның пайдаланғаны
   !          !--------------------!------------------------------
   !          ! таза  !  бюджетке  ! сомасы,!  % !  оның ішінде
   !          ! табыс ! аударылғаны!   мың  !    !----------------
   !          ! мың   !------------!  теңге !    ! өндірісті ! %
   !          ! теңге ! сомасы,! % !        !    ! дамытуға  !
   !          !       !   мың  !   !        !    ! мың теңге !
   !          !       !  теңге !   !        !    !           !
------------------------------------------------------------------
1 !     2    !   3   !    4   ! 5 !    6   !  7 !     8     ! 9
------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
------------------------------------------------
    Ағымдағы жыл   !       Болжамды кезең
                   !----------------------------
                   !   жыл   !   жыл  !   жыл
-------------------!---------!--------!---------
таза  ! бюджетке  !  таза   !  таза  !  таза
табыс ! аударуға  !  табыс  !  табыс !  табыс
мың   ! жатады    !  мың    !  мың   !  мың
теңге !-----------!  теңге  !  теңге !  теңге
       !сомасы,! % !         !        !
       !  мың  !   !         !        !
       ! теңге !   !         !        !
------------------------------------------------
   10  !   11  ! 12!    13   !    14  !   15
------------------------------------------------

26 Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысынан республикалық бюджетке аударымдардың ең төменгi мөлшерлерi

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 10 желтоқсандағы
N 1297 қаулысына
қосымша
📌 Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.08 N 315, 2009.12.30 № 2297 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.10.19 N 1077 Қаулыларымен.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысынан республикалық бюджетке аударымдардың ең төменгi мөлшерлерi
P/c
N
Кәс­i­по­рын­дар­дың қыз­мет са­ла­сы
Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­ке ауда­рым­дар­дың тө­мен­гi мөл­шерi, %
1
2
3
1
Та­би­ғат қор­ғау, әле­умет­тік қор­ғау, қыл­мыстық-ат­қа­ру жүй­есi са­ла­сын­да­ғы өн­ді­рiстiк-ша­ру­а­шы­лық қыз­мет­тi жү­зе­ге асы­ру
ке­мiн­де 15
2
Қа­ру-жа­рақ­ты және оған оқ-дәрiлер­дi, қор­ға­ныс құ­рал­да­рын, әс­ке­ри тех­ни­ка­ны, оған қо­сал­қы бөл­шек­тер­дi, олар­ға жаб­дық­та­у­шы эле­мент­тер мен при­бор­лар­ды әзiр­леу, өн­дi­ру, жөн­деу; боса­ты­ла­тын әс­ке­ри-тех­ни­ка­лық құ­рал­дар­ды жою (құр­ту, кә­де­ге жа­ра­ту, кө­му) және өң­деу; Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тiк ма­те­ри­ал­дық ре­зервiн қа­лып­та­сты­ру және сақ­тау
ке­мiн­де 20
3
Бiлiм бе­ру, ғы­лым, мә­де­ни­ет және спорт са­ла­сын­да­ғы өн­дiрiстiк-ша­ру­а­шы­лық қыз­мет­тi жү­зе­ге асы­ру
ке­мiн­де 25
3-1
Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы өн­ді­рі­стік-ша­ру­а­шы­лық қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру
ке­мін­де 5
4
Уран және бас­қа да бөлi­нетiн ма­те­ри­ал­дар­ды, сон­дай-ақ олар­дан жа­са­ла­тын өнiм­дер­дi өн­дi­ру, шы­ға­ру, та­сы­мал­дау, өң­деу, кө­му және са­ту; ар­найы қор­ға­ныс құ­рал­да­рын қол­да­ну­ды қа­жет ет­пей олар­ды пай­да­ла­ну­ға жол берiлетiн нор­ма­дан аса­тын мөл­шер­де ра­дио­ак­тив­тiк затта­ры бар өнiм­дер­дi дай­ын­дау және са­ту
ке­мiн­де 30
5
Бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­ры, бас­па және по­ли­гра­фи­я­лық қыз­мет са­ла­сын­да­ғы өн­дiрiстiк-ша­ру­а­шы­лық қыз­мет­тi жү­зе­ге асы­ру
ке­мiн­де 30
6
Мем­ле­кет­тiк ав­то­мо­биль жол­да­ры­ның желiсiн және олар үшiн заң­на­ма­да қар­жы­лан­ды­ру­дың ар­найы тәр­тiбi бел­гi­лен­ген бас­қа да ин­фра­құ­ры­лым объ­ек­тiлерiн ұстау және да­мы­ту
ке­мiн­де 40
7
Энер­ги­я­мен, су­мен және жы­лу­мен жаб­дық­тау, ма­ги­страль­дық көлiк, бай­ла­ныс, ком­му­ни­ка­ци­я­лар, ком­му­нал­дық және тұр­ғын үй ша­ру­а­шы­лы­ғы және өзiнiң та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лық жағ­дай­ы­на және әле­умет­тiк-эко­но­ми­ка­лық мәнiне бай­ла­ны­сты тi­ке­лей мем­ле­кет­тiк бас­қа­ру­ды қа­жет ететiн рес­пуб­ли­ка­лық ин­фра­құ­ры­лым­ның тір­ші­лі­гін қам­та­ма­сыз етудiң бас­қа жүй­е­лерi са­ла­сын­да­ғы ша­ру­а­шы­лық қыз­мет­тi жү­зе­ге асы­ру
ке­мiн­де 50
7-1
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның әуе ке­ңі­сті­гіне аэро­на­ви­га­ци­я­лық қыз­мет көр­се­ту са­ла­сын­да­ғы ша­ру­а­шы­лық қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру
Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ко­мис­си­я­сы­ның ти­іс­ті қар­жы жы­лы­на ар­нал­ған ше­ші­мі­мен ма­құл­дан­ған мөл­шер­ге сәй­кес
8
Мем­ле­кет­тiк құқық­тық және жер ка­дастр­ла­рын, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Нор­ма­тив­тiк құқық­тық ак­тiлерiнiң мем­ле­кет­тiк тiзiлi­мiн жүр­гi­зудi қам­та­ма­сыз ететiн қыз­мет­тi жү­зе­ге асы­ру
ке­мін­де 50
9
Қа­ру-жа­рақ­ты және оған оқ-дәрiлер­дi, қор­ға­ныс құ­рал­да­рын, әс­ке­ри тех­ни­ка­ны, қо­сал­қы бөл­шек­тер­дi, олар­ға жаб­дық­та­уды эле­мент­тер мен при­бор­лар­ды са­ту
ке­мiн­де 50
10
Дә­рі-дәр­мек­тер­дi, дәрiлiк құ­рал­дар­ды және ем­деу пре­па­рат­та­рын, ме­ди­ци­на­лық жаб­дық­тар­ды және ас­пап­тар­ды дай­ын­дау және са­ту
ке­мiн­де 50
11
Банк­тік, сақ­тан­ды­ру және өзге қар­жы­лық қыз­мет
ке­мiн­де 50
12
Поч­та бай­ла­ны­сы және те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар, жал­пы рес­пуб­ли­ка­лық және ха­лы­қа­ра­лық бай­ла­ныс желiлерiн пай­да­ла­ну
ке­мiн­де 50

Қолданыстағы