О переименовании улиц в селах Шелек, Май Шелекского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании улиц в селах Шелек, Май Шелекского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Шелек ауылдық округінің Шелек, Май ауылдарындағы көшелерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 121
- Қабылданған күні
- 11.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 11.12.2019 137370_433025.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19DHX05348
- ЭКБ идентификаторы
- 137370
- Редакция идентификаторы
- 137370_433025
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:23
0 Шелек ауылдық округінің
Шелек, Май ауылдарындағы
көшелерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шелек ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 26 қыркүйектегі қорытындысы негізінде, Шелек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Шелек ауылдық округінің Шелек ауылындағы «Арычная тұйық» көшесі «Көкөзек тұйық» көшесіне, «Авангард тұйық» көшесі «Парасат тұйық» көшесіне, «Дачная тұйық» көшесі «Саялы тұйық» көшесіне, «Илийская тұйық» көшесі «Бастау тұйық» көшесіне, «Кирпичная тұйық» көшесі «Ырысты тұйық» көшесіне, «Ключевая тұйық» көшесі «Сәулет тұйық» көшесіне, «Медицинская тұйық» көшесі «Көкжиек тұйық» көшесіне, «Новоселская тұйық» көшесі «Шапағат тұйық» көшесіне, «Садовая тұйық» көшесі «Игілік тұйық» көшесіне, «Солнечная тұйық» көшесі «Мереке тұйық» көшесіне, «Стадионная тұйық» көшесі «Мерей тұйық» көшесіне, «Авангардская» көшесі «Саяжай» көшесіне, «Заречная» көшесі «Ұлытау» көшесіне, «Молодежная» көшесі «Белбұлақ» көшесіне, «Складская» көшесі «Ақтоғай» көшесіне, «Виноградная» көшесі «Қайрат Рысқұлбеков» көшесіне, «Владимир Маяковский» көшесі «Рақымжан Қошқарбаев» көшесіне, «Луговая» көшесі «Евгений Брусиловский» көшесіне;
Шелек ауылдық округінің Май ауылындағы «Табачная-2» көшесі «Ақжайық» көшесіне қайта аталсын.