Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил рассмотрения заявлений и документов кандидатов из числа граждан для поступления на воинскую службу по контракту в Вооруженные Силы Республики Казахстан

Бұйрық · № 1048 · қабылданған 18.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-137389/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил рассмотрения заявлений и документов кандидатов из числа граждан для поступления на воинскую службу по контракту в Вооруженные Силы Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 1048 ·18.12.2019
22.12.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил рассмотрения заявлений и документов кандидатов из числа граждан для поступления на воинскую службу по контракту в Вооруженные Силы Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 1048 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил рассмотрения заявлений и документов кандидатов из числа граждан для поступления на воинскую службу по контракту в Вооруженные Силы Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар қатарынан кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1048
Қабылданған күні
18.12.2019
Көрсетілген редакция
22.12.2022 137389_619298.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019755
ЭКБ идентификаторы
137389
Редакция идентификаторы
137389_619298
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:18

0 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар қатарынан кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы
№ 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 22-тармағының негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар қатарынан кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар қатарынан кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы «___» _________
№ ____ бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша
әскери қызметке кіру үшін азаматтар қатарынан кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау
қағидалары

1 1. Осы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар қатарынан кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау тәртібін айқындайды.

2

2. Әскери қызметте тұрмайтын және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдірген азаматтар жергілікті әскери басқару органының бастығына немесе әскери бөлімнің (мекеменің) командиріне (бастығына) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш береді.

3 3. Азамат өтінішпен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің

2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 21-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

4

4. Азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке іріктеуге жауапты әскери басқару органының (жергілікті әскери басқару органының немесе әскери бөлімнің (мекеменің) бөлімшесі өтінішті алған кезде үш жұмыс күні ішінде қоса берілетін құжаттардың толықтығы мен түпнұсқалығын тексереді және ұсынылатын құжаттар Әскери қызмет өткеру қағидаларының 21-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес келмеген жағдайда, өтініші тіркелген және қарауға қабылданған және осы уақыттан бастап келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кандидат (бұдан әрі – кандидат) болып табылатын азаматқа кемшіліктерді жою үшін бес жұмыс күн уақыт бере отырып, оларды толықтыру қажеттілігін көрсетеді.

4-1

4-1. Бес жұмыс күні ішінде қажетті құжаттар ұсынылмаған жағдайда немесе кандидат «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 38-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген кезде оған шағым беру құқығын түсіндіре отырып, негізделген және дәлелді жазбаша жауаппен құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.

5

5. Құжаттарды зерделеу қорытындысы бойынша, бірақ кандидаттың өтініші тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, тиісті әскери басқару органының (жергілікті әскери басқару органының немесе әскери бөлімнің (мекеменің) басшысы кандидаттың материалдарын одан әрі қарау үшін іріктеу комиссиясына жолдайды.

1 Өтініш

Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштеріне келісімшарт
бойынша әскери қызметке кіру
үшін азаматтар қатарынан
кандидаттардың өтініштері
мен құжаттарын қарау
қағидаларына қосымша
Нысан
(Кімге) _______________________________
жергілікті әскери басқару органының (ҚІБ, ҚІББ)
басшысы, әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы)
(кімнен)_______________________________
азаматтың тегі, аты және әкесінің аты
(бар болған кезде)
______________________________
туған күні, айы және жылы
______________________________
тұрғылықты жері
Өтініш
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес менің құжаттарымды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне ______________________ жыл мерзімге келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру және
___________________________________________________________________________________
(лауазымның атауы, әскери бөлім (мекеме)
бос әскери лауазымына тағайындау үшін қабылдауыңызды сұраймын.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін кандидаттарды іріктеуден өткізу шарттарымен және тәртібімен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 21-тармағына сәйкес осы өтінішке ұсынылатын құжаттардың түпнұсқалығын растаймын.
Қосымша: ____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
қолы, күні

Қолданыстағы