О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка
- Атауы (қаз.)
- Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 334
- Қабылданған күні
- 24.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2019 137427_433562.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19S0005753
- ЭКБ идентификаторы
- 137427
- Редакция идентификаторы
- 137427_433562
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:08
0 Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабы 7, 8-тармақтарына, «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.
2 2. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп таналсын:
«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі № 189 (2012 жылғы 07 тамыз «Солтүстік Қазақстан», «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1808 болып тіркелді);
«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 шілдедегі № 189 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 129 (2013 жылғы 28 мамыр «Солтүстік Қазақстан», «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2290 болып тіркелді).
3 3. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысының
полиция департаменті»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________ М. Төлебаев
2019 жылғы «___» ___________
0 Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
2019 жылғы 24 желтоқсаны № 334
Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына қосымша
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері